Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атындағы саябақта, Гашек көшесінің бойындағы жағалауда баспалдаққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл – саябақ аумағын абаттандыру бағытындағы кешенді шаралардың бір бөлігі.
Қостанай қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Азамат Бегалиннің айтуынша, биыл аталған саябақта бірқатар жұмыстар қолға алынған:
– Гашек көшесіндегі саябақта биыл балалар ойын алаңы салынады, екі футбол алаңы жөнделеді, каскадты субұрқақ жаңартылып, көгал төсеу жұмыстары аяқталады, – деді Азамат Бегалин.
Жөндеу жұмыстары тұрғындардың демалысын жайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған. Жағалауға апаратын баспалдақтың жаңартылуы қала тұрғындары мен қонақтарының серуендеуіне қолайлы жағдай жасайды.
Аяжан СЕРІК,
суреттерді түсірген Лариса БОЖКО
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77