Образование

«Халқы сүйген қаламгер» атты әдеби кеш өтті

Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ әдебиетінің онкүндігі аясында қазақ балалар жазушысы, балалар туралы көптеген шығармалардың авторы, ақын, Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев шығармашылығына арналған «Халқы сүйген қаламгер» атты әдеби кеш өтті.

Кездесуге қостанайлық ақын-прозашы, ұстаз, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Александра Ильинична Суслова шақырылды, ақын, аудармашы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Абылай Маудановта бұл кеште бас көрсетті, сонымен қатар университет студенттері, колледждер мен қала мектептерінің студенттері шақырылды.

Келген қонақтар Бердібек Соқпақбаев атамыз туралы қызықты мағлұматтармен бөлісті. Іс шараға қатысқан қонақтар өз сұрақтарын қойып, қазақ балалар әдебиетінің классигі туралы біраз ақпарат білді.

– Өлгендер қайтып келмейді деген шығармасын қарасақ, соғыс басталған уақыттары басқарма туралы айтқан.Ел басында өткен жағдайлар,қиналған кездер, өзгерістер Бердібектің өмірді ерте тануына, әдеби бағытын анықтауына ықпал етті,- дейді Абылай Мауданов.

Бердібек атамыздың <Менің атым Қожа> әңгімесімен егжей тегжелі танысты. Жалпы іс шара тіл мәдениетін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында өтті. Іс шара осы тақырып байланысты келген қонақтарға арналған көрмемен аяқталды.

Аружан СЕРІК, суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77