Образование

Халықаралық деңгейде жарқыраған жас талант

8сынып оқушысы Жанэлла Мирамова бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып үлгерген дарын иесі.

Жас суретші беделді британдық халықаралық Golden Time Talent байқауында бірінші орынға ие болды. Оның «Ваза с розами» атты туындысы қазылар алқасынан жоғары баға алып, 93,3 ұпаймен жеңіске жетті. Қазылар алқасының құрамында Ұлыбритания, Украина, Грузия және Грецияның танымал өнер қайраткерлері болды.

Бұл байқауға қатысуды әлеуметтік желідегі хабарландырудан көріп шешім қабылдағанмын. Мен үшін бұл жеңіс күтпеген жағдай болды,  дейді Жанэлла.

Жанэлланың есімі бұған дейін де бірнеше халықаралық байқауларда жүлделі орындармен аталып өткен. Оның алғашқы үлкен жетістіктерінің бірі International France Art Competition байқауында жүлделі орынға ие болуы. Оның «Падение Икара» атты туындысы «Көркем сюжет» номинациясында жоғары бағаланды. Бұл сурет атақты грек мифі  Икар мен Дедал туралы оқиғаға негізделіп салынған. Жетекшісі Татьяна Медведь бұл туындыны жасау барысында Жанэлланың шығармашылық қиялы мен сурет техникасына деген ұмтылысына сүйсінгенін айтады.

 Байқау туралы естіп, қатысуға шешім қабылдадық. Жанэлла Икар мен Дедал туралы грек мифінен шабыт алып, мифтің қайғылы сәтін айрықша жеткізе білді. Оның акрил бояуымен кенепке салған картинасы көркемдік деңгейі жоғары туындыға айналды,  дейді Жетекшісі Татьяна Медведь.

Сурет салу барысында Жанэлла бірнеше әдісті қолданады. Ол акварель, акрил сияқты материалдарды шебер пайдаланады. Дегенмен, оның ең сүйікті әдістерінің бірі  қарындаш пен көмір тектес құрғақ материалдарды қолдану. Бұл әдіс оған текстуралар мен бөлшектерді дәл көрсетуге мүмкіндік береді, бұл оның әр туындысында ерекше маңызға ие.

Оның туындылары көбінесе әдеби шығармалардың атмосферасын бейнелейді, ал сюжет арқылы оқырманды шығармашылық әлеміне жетелейді.

Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА,

суретті ұсынған кейіпкер


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77