ЖКХ

Халықтың жанайқайын түсінетін жан болса…

Мәселенің шешімі табылып жатса нұр үстіне нұр болар еді-ау

«Даудың басы Дайрабайдың сиыры» демекші, бүгінгі әңгіменің өзегіне айналып отырған мәселе Қостанай қаласынан Тобыл қаласына (бұрынғы Затобол кентіне) одан әрі Заречный ауылына қатынайтын №102 бағыттағы автобус болып отыр. Күнделікті күйбең тіргіліктің келбеті қолыңа еріксіз қалам алып, ішіңдегі шеріңді тарқатуға әкеледі екен.

Өзі басымның осы 102-ші автобуспен жұмыстан үйге, үйден жұмысқа қатынап жүргенімен көп жылдардың жүзі болды. Осы уақыттың ішінде таңертең тұрғындардың жұмысқа баратын және кешке жұмыстан қайтатын кездерінде автобустың ауыз-мұрнынан шығып, ішіндегі адамдардың бір-бірімен тығылысып, кең демала алмай аялдамасына дейін әрең жететінінің куәсі болып келемін. Ал жұқпалы қауіпті дертке байланысты енгізілген қарантин талаптарының қайда қалғанын айтудың өзі күлкілі…

Соңғы кездері бұл автобусты 40-45 муниттап күткен кездерім де болды. Біреуіне үлгермей қалып қойсаңыз, сағатыңызға үңіліп уақытын белгілеп алыңыз. Сонда автобустардың арасындағы қашықтықты түсінесіз.

Бірде кешке жұмыстан шығып 102-ші автобусты күттім. Басқалары екі рет өтіп үлгерді. Аялдамада 102-ші автобусты күтіп тұрғандар көп жиналып қалдық. 40 минуттан кейін іші толып келді-ау әйтеуір. Біз топырлап мініп алдық, Содан арғай «Орталық базарға» тоқтады. Ондағы адамдар бізден үш есе көп екен. Олар мінген кезде автобус ауыз-мұрнынан шығып толды да қалды. Сөйтіп, «Престеліп» келе жатсақ, ол «Спорт зал», «Қазақтелеком» аялдамаларына тоқтады. Сол кезде ішіндегі қысылып, дем ала алмай келе жатқан тұрғындардың бірнешеуі «Енді қай жерімізге мінеді» деп айғайлай бастады.

Автобуста тығылысып келе жатқандар: « Жалпы, бұл мәселенің шешімі бар ма? Бұл сұрақпен кімге бару керек? Неге автобусты жиі-жиі шығармайды? Қаншама жылдан бері осылай жүрміз»-деп автобус жүргізушісіне естіртін айтып жатыр. Бірақ, айтылған сөзге мән беріп жатқан жан жоқ. Баяғы жар тас сол жар тас.

Менің қолымнан келетіні тек қоғамдағы орын алып жатқан қолайсыздықты қағаз бетіне түсіру ғана.

Халықтың жан айқайын түсінетін жан болса… деймін-да.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Сурет ғаламтор желісінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77