Социум

«Халық жүрегіндегі қаламгер» І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романына 45 жыл

Н.Островский атындағы қалалық кітапханада ұйымдастырылған көрме оқырмандар назарына онлайн режимде ұсынылды

Н.Островский атындағы қалалық кітапханасында Ілия Есенберлиннің «Көшпенділер» романының 45 жылдығына орай, «Халық жүрегіндегі қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Көшпенділер» трилогиясына тарихи романдар-«Алмас қылыш», «Қаһар» және «Хан Кене» кіреді.Онда автор қазақ халқының ұлттық тәуелсіздік пен мемлекеттілікке ие болу жолындағы күресі тақырыбын ашады.

Көрмеге Ілияс Есенберлиннің өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның шығармалары, аудармалары мен мерзімді баспасөз беттеріндегі мақалалары қойылды.

-Онлайн форматта өткен көрмені әлеуметтік желі арқылы көптеген қала тұрғындары тамашалады. «Көшпенділер» көпшіліктің сүйіп оқитын туындысы. Осылайша біз қала жұртшылығын көркем әдебиеттерге ден қоюға шақырып отырмыз. Кітапханамызда оқырмандарымызға арналған көркем әдебиеттерді таныстыру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, – дейді кітапханашы Разия Кужикеева.

Көркем әдебиет оқыған жанның білім көкжиегі кеңіп, сөз қоры молая түсері анық. Сондықтан жұмыстан қол босаған сәттерде «Көшпенділер» сынды тағылымы мол шығармалардың бірін қолға алуға асығайық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77