Культура

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры дайындық жұмыстарын бастап кетті

Қостанай театрлары елде карантин режимі еңгізілгеннен бастап өз жұмыстарын тоқтатқан болатын

Сол тұста қаулыға сай І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының қызметкерлерінің 70 пайызы қашықтан жұмыс жасауға көшкен.

Дегенменде, театр басшысы Әлімхан Мырзаханныңайтуынша талапты қатаң сақтағандықтан қызметкерлерінің бірде біреуі қауіпті індетке шалдықпағанын айтады.

– Талапты қатаң сақтағандықтан қызметкерлерден ауру нышаны байқалған жоқ. Ұжымның 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Шығармашылық адамүшін үйде отыруқиынға соққаны белгілі.Дегенмен де, қазіргі таңда театр үшін жаттығу жұмыстарына рұқсат етілді. Қазір театр әртістері дайындық үстінде, – дейді театр директоры Әлімхан Мырзахан.

Басшының айтуынша, қойылымды сағынған көрермендер тапынан көптеген өтініш тілектер келіп түсуде екен.

– Қазіргі таңда көрермен жағынан қойылымдардың сахналануын қалайтындығы жөнінде көптеген өтініштер түсіп жатыр. Біз ол өтініштерді ескерусіз қалдырмаймыз. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына көрермен қабылдауға дайынбыз деген сипатта құжат дайындап жатырмыз. Кейін барлық сақтық шараларын сақтай оытрып, көрермен қабылдауға рұқсат етілсе, театр ұжымы көрермендермен қайта қауышатын болады, – деп атап өтті Әлімхан Мырзахан.

Театр ішінде де жаңалықтар баршылық. Айталық, театрдың көркемдік жетекшісі жаңадан тағайындалып, жас әртістермен ұжым қатары толыққан көрінеді.

Қазір төрт қойылымға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сол қойылымның бірінде Елдос ойнайтын болады. Ол ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласынын жоғары оқу орын бітіріп, Қостанай театрына жұмыс жасауға келген.

– Негізгі туған жерім Қызылорда өңірі болып табылады. Негізгі оқу орынды Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақ ұлттық университетінен тәмамдадым. Сол уақытта қойылымдарда ойнап жүрген сәтте Әлімхан мырза мені көріп, кейін Қостанайға шақыртты. Шақыртуын қабыл алып, осында келген жайым бар. Қазір, «Ең жақсы еркек» деген қойылымға дайындық үстіндеміз. Онда мен Спандияр деген жігіттің рөлінде ойнаймын, – дейді жас актер Елдос.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген Абил ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77