Қаладағы Қостанай медициналық колледжінің студенттер жатақханасының құрылысы қарқынды. Ғимараттың құрылысын жүргізуші мердігер компания «Рудныйсоколовстрой» АҚ болып табылады.
Аталмыш кәсіпорынның құрылыс саласында жинаған тәжірибесі мол. Осыған дейін де тұрғын үйлерді салумен айналысқан.
– Жатақхана тоғыз қабатты болады. Ол 250 студентке шақталған. Жертөле қабаты да пайдалануға беріледі, онда кір жуу аймағы мен жуыну бөлмелері орналасады. Ал, 1 қабатта ас бөлмесі мен жиналыс залы болады, – деп таныстырды құрылыс бөлімінің шебері Санжар Онжанов.
Айта кету керек, аталмыш оқу орнынын жанынан жатақхана салу 2002 жылдан бері жоспарда тұрған көрінеді. Бұл студенттер үшін өте тиімді.
– Қазіргі таңда бірінші қабатты аяқтадық, жұмыскерлер екінші қабаттың кірпіштерін көтеруді бастады. Құрылыс орнында 70-тен астам адам жұмыс істеп жатыр. Бұл тоғыз қабатты болғандықтан жедел саты орнатылатын болады. Ғимарат болса толық қызыл кірпіштен өріледі. Ал, сыртқы қас-бетінің қажеттісін Челябіден алдыртамыз. Ал, құрылыс жұмысы бітуге таяғанда абаттандыру жұмыстары басталатын болады, – деді Санжар Саханұлы.
Жатақхананың бір бөлмесіне 3 студенттен орналасатын болады. Мердігер ұйым ғимаратты ағымдағы жылдың желтоқсан айының сонында толығымен тапсырылулары керек.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген РАМИЛЬ СЕРГАЗИНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77