Образование

Өңір бойынша 9-11 сыныптар арасында 10 мыңға жуық оқушы аралас оқыту форматына көшті

Бұл сынып оқушыларының ата-аналарынан мектепке барып оқу туралы өтініш талап етілмейді

Білім беру ұйымдарында әдістемелік ұсынымдарға сәйкес 3-тоқсанда оқыту үдерісінде бірқатар өзгерістер орын алды.

Оқу жылының 3-ші тоқсанынан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер штаттық режимде білім беруге ауысады. Облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменованың айтуынша, қазіргі таңда шамамен 31 мың оқушыны қамтитын 381 мектепте оқыту шаттық режимде жүзеге асырылуда екен.

– Өңірде 180-ге дейін оқушысы бар 342 мектеп, 300-ге дейін оқушысы бар 39 мектеп штаттық режимге көшіріледі. Бұл ретте, сыныптардың толымдығы кемінде 15 оқушыны құрауы керек, – деп атап өтті басқарма басшысы Зәуре Байменова.

Сонымен бірге 1-5 сыныптарда 2611 кезекші топ жұмысын бастады. Осылайша, 1-5 сыныптардың 60 мың оқушысын, яғни жартысынан көбі, кезекші топта қалыпты режимде оқуда.

– Қашықтық режимде жұмысын жалғастырып жатқан мектептерде 6 күндік оқу аптасы форматындағы аралас оқытуға 9-11 сыныптар арасында 10 мыңға жуық оқушы кірісіп кетті. Оқытуды ұйымдастыру үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәндерінің 70% штаттық форматта және оқу пәндерінің 30% қашықтық форматта оқытылады. Мысалы, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, тарих және оқыту тілі штаттық режимде жүргізіледі. Білім беру ұйымдары осы мәселеде білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсынымдарын басшылыққа алады, алайда, сонымен қатар штаттық және қашықтан оқыту форматындағы жеке пәндер бойынша оқу жоспарының сағаттарын дербес бөлуі мүмкін, – дейді басқарма басшысы.

Яғни, мектептің қалауы бойынша штаттық және қашықтан оқыту форматтары үшін 9-11-сынып пәндері бойынша үлгілік оқу жоспарының сағаттарын бөлу қайта қаралуы ықтимал.

Ал, 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарынан өтініштер талап етілмейді. Бұл сыныптар толық құрамда аралас форматта оқуға кірісті.

– Қашықтан оқытуда 114 мектеп 38,5 мыңға жуық оқушы немесе 34% оқушыны қамти отырып, жұмысын жалғастыруда, – деп атап өтті Зәуре Байменова.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті ұсынған орталық


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77