Экономика

Өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға басымдылық берілген

Айталық, 1,5 триллион теңгеге 42 жоба белсенді даму кезеңінде

Аталмыш жобалар 6 мың жұмыс орын құруға мүмкіндік береді.

– Бұл тәсіл тұтастай алғанда экономиканың өсуін қамтамасыз етеді. Тек машина жасау саласында жыл басынан бері өндіріс 1,5 есеге артып, 159,7 млрд теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау үлесі 41,7% құрайды, – деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина.

Автокөлік өнеркәсібі бәсеңдемейді, жыл басынан бері 16,9 мыңнан астам көлік бірлігі шығарылған.

Ауыл шаруашылығында көктемгі егіс 4,8 млн гектар жерге егілді, ал 3,4 млн гектар жерге бидай себілді. Алқаптар әртараптандырылып, дәнді дақылдардың азаюына орай, майлы дақылдар алқабы 140 мың гектарға ұлғайтылған.

– Құрылыс саласы қарқынды дамуда. Аяқталған құрылыс жұмыстарының көлемі 13,7% артып, 45,1 млрд теңгені құрады. Тұрғын үйді пайдалануға беру деңгейі 110%-ға жетіп , 186,6 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді.Жалпы алаңы 514,2 мың шаршы метрді құрайтын 88 үйден тұратын «Әуежай» және «Юбилейный» 2 жаңа шағын ауданының құрылысы аяқталуға жақын, – деді өз сөзінде Гүбарам Мұсағазина.

Жалпы алғандай облыс экономикасына 136,4 млрд теңге қаржы тартылған. Құрылысқа бірінші жартыжылдыққа қарағанда үш есе көп қаржы жұмсалған.

– Үкімет отырысында аймақта жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны қысқарғаны айтылды.2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста 52 395 шағын және орта бизнес жұмыс істейді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,5% құрайды, ол 1897 бірлікке азайды. Төмендеу аймақтағы ауылшаруашылық саласына теріс әсер еткен қатты қуаңшылық, сонымен қатар биылғы жылы коронавирустық пандемиядан туындаған төтенше жағдай режимінің енгізілуі болып отыр. Бұл көтерме және бөлшек сауда субъектілерінің қызметін шектеуге әкелді, – деді Гүлбарам Мұсағазина.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Сурет ашық ақпарат көзінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77