Экономика

Өңірде көкөніс бағасы қымбаттады

Күз келіп, бау бақша пісіп, көкөніс жиналып, қысқы қор дайын болатын шақ

Біздің өлке де көкөністің барлық түрі өсіріледі. Картоп, сәбіз, қызылша, жуа осының бәрі жиналып, қамбаға ұйылды.

Биыл өзімізде өсетін көкөністердің бағасы қала тұрғындарын шошытып тұрғандай. Жылда күз уақытында келісі 60-70 теңге болатын картоптың қазіргі бағасы көтерме бағамен сататын «Складскойдың» өзінде 180 теңге болып отыр. Бұл жерден көп мөлшерде сатып алатын алып сатарлардың бағасы бұдан да жоғары. Өйткені, олардың мақсаты үстінен пайда түсіру.Жергілікті халық көкөністің бағасының жоғары екенін айтып, дабыл қағып, биылғы қымбатшылықтың себебі неде екенін біле алмай дал.

Бізде базар, дүкен, супермаркет аралап, көкөністің бағасын пайымдап қайтқан едік. Бүгінде көпшілік бағасы арзан деп білетін «Складской» базарының саудагерлері картопты – 180, сәбізді – 180, қызылшаның келісін – 250, жуаның келісін – 120, болгар бұрышының келісін -250-ден саудалап жатқанын көрдік. Сондай-ақ олар бағаның күнделікті өзгеріп тұратынын да айтып қалды.

Сонымен қатар қала бойы тізілген супермаркеттерде көпшіліктің жиі келетін орны. Мұның іші, жарық та жылы. Бір жетек арбаны алып, қалағаныңызды салып, асықпай сауда жасайсыз. Бұл жердің бағасы айтарлықтай арзан емес. Ең бастысы мұнда «Орталық базардағыдай» ығы-жығы адамдармен жарысып, салқында дірдектемейсіз.

Сөйтіп, «Солнечный» супермаркетін біз де аралап, бағасын білдік. Мұнда картоптың келісі – 183, сәбіздің келісі – 169, қызылшаның келісі – 247, жуаның келісі – 85 теңге. Сондай-ақ көпшілік жиі баратын қаламыздағы «Садовод» дүкеніндегі көкөніс бағасы. Картоптың келісі – 183-235 теңге аралығында, жуаның келісі – 160 теңге, қызылша – 255, ал сәбіз болса – 75 теңгеден сатылып жатыр.

Көкөністің биылғы бағасының қымбатшылығының себебін білу мақсатында «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ-не сауал жолдаған болатынбыз.

– Облыс халқы картоппен толық қамтамасыз етілген, сәбізбен қамтамасыз етілуі өз өндірісі бойынша 70 пайыз, қырыққабат 56 пайыз, пияз 20 пайызды құрайды. Қалған көлем республиканың басқа облыстарынан және импорттан әкелінеді. Статистика департаментінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың 5 қазанында картоптың орташа бағасы келісі үшін – 140, сәбіз – 148, пияз-97, қырыққабат – 104 теңге. Картоп бағасының өсуі ауылшаруашылық құрылымдарындағы егіс көлемінің төмендеуіне байланысты, ағымдағы жылдың құрғақшылығынан олардың өнімділігі төмендеді. Сондай-ақ, жанар-жағармай бағасы да өсті, өнімді сататын көтерме жеткізушілер де бағаны өсірді, – деген жауап алдық.

Ал енді осы біз ұсынған бағадан, қай жерде сауда жасау керектігін пайымдай берсеңіз болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77