Жүзеге асыруға бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінген
Өңірде «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша 2020 жылы оң нәтижеге қол жеткізілген.
Облыс бойынша 379,4 мың шаршы метр тұғын үй пайдалануға берілген.
– Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша, облыс 9-шы орында. Облыс орталығында «Әуежай» және «Юбилейный» екі шағын ауданның құрылысы аяқталуға жақын, онда ауданы 453,9 мың шаршы метр 76 үй салынды, – деп атап өтті облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.
Сонымен қатар, «Қонай» және «Береке» жаңа шағын ауданын игеру басталды. Мұнда ауданы 503,7 мың шаршы метр болатын 102 көп қабатты үй салынады және жеке тұрғын үй құрылысына 210 мың шаршы метр болатын 2 мыңнан астам учаске бөлінеді.
– Бүгінгі күні «Береке» шағын ауданында ауданы 74,0 мың шаршы метр 8 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Қонай ағымдағы жылы жалпы ауданы 75 мың шаршы метр болатын 19 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, – деді ол.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға 2021 жылы бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінген. Оның 2,3 млрд теңгесіне жалпы ауданы 47,1 мың шаршы метр болатын 7 жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі, қазір 2 үй аяқталады. Сондай-ақ, 913,5 млн теңге аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін Қостанай қаласынан 50 пәтер Рудный қаласынан 22 пәтер сатып алу көзделген.
Сол тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 10,1 млрд теңге төлінген. Қостанай қаласының «Қонай» шағын ауданына желілерді жүргізу жалғасуда.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Абиль ДОЩАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77