Біздің Қостанай Образование

Өңірде ғылымның әлеуеті жалын еткен шәкірттер беделімен биіктей түсті

Қазіргі уақытта тарих саласына қызығатын және ауқымды ғылыми жобаларды жасайтындар қатары артып келеді. Бірқатары өңірімізде де өз саласында биік шыңдарға жетуде.

Озық технология дәуірінде ғылымсыз еш ілгерілеу мүмкін емес. Сондықтан ғылым төңірегін терең зерттеу қажет. Жаңа технологиялардың қыр-сырын меңгерген, ғылымға құштар жас ғалымдармен сыр шерттік. Рабиға Ақалтаева мен Айжан Аманжолова – Озат мектебінің түлектері. Олар археологиялық нысандардың 3Д моделін жасамас бұрын бірқатар жұмысты қамтитын зерттеу жүргізген.

– Ғылыми жобамыздың басты мақсаты – археологиялық нысандар арқылы тарихты популизациялау. Нысандарды жасау барысы келесі лек бойынша жүреді. Алдымен нысанның өзін дайындап, толықтай зерттеу жүргіземіз. Кейін арнайы 3Д нысанды жасайтын бағдарлама арқылы нысанның әрбір жерін суретке түсіріп аламыз. Дайын болғаннан кейін сайтқа жүктейміз. Осы ғылыми жобаны дайындау 2-3 ай көлемінде уақыт алды. Дегенмен де нәтижесі бізді қуанта түсті, – дейді жас ғалым Айжан Аманжолова.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде әр адам археологиялық нысандардың қолжетімділігіне ие. Сайтта берілген нысандарды әр қырынан көру мүмкіндігі бар. Жобаны іске асыру кезінде қиын қатпарлар да болды. Өйткені, ауқымды жұмыс біршама еңбекті қажет етеді. Ғылыми жобадан бөлек, Рабиға және Айжан облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадаларда бақ сынайды.

– Тараз қаласында республикалық ғылыми жобалар байқауында 1-ші орынға ие болдық. Ал Өскемен қаласында өткен республикалық олимпиададан 3-ші орынды иелендік. Байқауларға қатысып, жетістікке жету құмары ынтадан туындайды деген ойдамын. 10-шы сынып кезінде екі республикалық кезеңнен өтіп, жүлделі боламыз деп алға мақсат қойған едік. Себебі, өз мектебінің, облысының, өзінің атын республикалық дәңгейде жарқырату үлкен дәреже деп санаймын, – деп атап өтті Рабиға.

Жас ғалымдар жоба жазу жолына 8-ші сыныпта түскен еді. Дәл осы сәтті жобаны жазуға жетекшілері Қайырғали Нұрымжан Қайратұлы ұсыныс жасаған болатын. Түпкі ой – тарихты тек көне ғылым ретінде ғана қарастыру емес, тарихтың жаңа технологиялармен байланыса алатынын көрсете алу.

– Жұмыс барысында әрине, техникалық ақаулар туындады. Адам және компьютер тілі бір-бірін түсінуі де қиын ғой. Алдымен теориялық әдіснамаларды жинадық, дегенімен бұл ең онай кезеңдердің бірі. Содан соң, практикалық ақпаратты жинауға сонау СКО-да орналасқан Ботай мәдениетіне жол жүрдік. Ол кезде Ботай мәдениетін зерттеген Абильмаликов Қуаныш Қабдолұлы мен Шагирбаев Мамбет Сапарбековичке үлкен алғыс білдіреміз. Осы тұста ірі жобалардың бірін аяқтап, жаңа түйін түйдік, – деді жас ғалымдар.

Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА,
суретті ұсынған кейіпкер


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77