Өңіріміз бойынша «Бақытты отбасы» жобасы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға мұқтаждықтары бойынша көмек көрсетілген

Өңіріміз бойынша «Бақытты отбасы» жобасы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға мұқтаждықтары бойынша көмек көрсетілген

Комментарии к записи Өңіріміз бойынша «Бақытты отбасы» жобасы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға мұқтаждықтары бойынша көмек көрсетілген отключены
Загрузка...


Үстіміздегі жылдың ақпан айында Елбасының бастамасымен іске асырылған «Бақытты отбасы» жобасы қостанайлық кәсіпкерлер мен ауылшаруашылық тауар өндірушілері тарапынан қолдау тапты

Олар тұрғын үй сатып алуға және жөндеуге, отын-көмір, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көпбалалы және аз қамтамасыз отбасыларға көмек көрсетуде. Бұл жайлы әкімдіктің кеңейтілген отырысында басқарма басшысы баяндады.

– Жалпы облыс бойынша төрт немесе одан да көп баласы бар 5086 жанұя тұрады. «Бақытты отбасы» жобасының аясында 4011 көпбалалы жанұя, 1401 аз қамтылған отбасы мұқтаждықтарына қарай анықталып алынды. Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша облыстың әр қала, аудандарында барлығы 27 үй мен пәтер берілді, – дейді Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнәр Абенова.

Ал, «Бақытты отбасы» жобасының барлық кезеңінде баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларға 93 млн теңгеге 50 үй мен пәтер сатып алынып берілген. Баспанамен қамтамасыз етумен қатар көпбалалы отбасылардың үйлерінің жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылданғанын айтады басқарма басшысы.

– Аз қамтылған отбасылардың 16 үйінде 3 млн теңгеден астам қаражатқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Әулиекөл, Сарыкөл аудандарындағы 2 үй үстіміздегі жылдың мамыр-қараша айлары аралығында жөндеуден өтті. Жанармай сатып алуда қиындық көрген 454 көпбалалы және аз қамтылған отбасы қажетті көмірмен және отынмен қамтамасыз етілді, жалпы көлемі 9,5 млн теңгеге 609 тонна көмір және 269 м3 отын сатып алынды. 1462 отбасы 17,2 млн теңгеге күнделікті тамақпен қамтамасыз етілді. 39 отбасыға 1,5 млн теңгеге 98 тонна малға беретін жем сатып алынды, – дейді Гүлнәр Таубайқызы.

Сонымен қатар, 22 отбасыға коммуналдық қызметтер бойыншам қарызын төлеуге және энергиямен жабдықтауды қалпына келтіруге 4,9 млн теңге көлеміндегі қаражатқа көмек көрсетілген.
Тұрғын үйді жылытуға байланысты болуы мүмкін қайғылы жағдайлардың алдын-алу аясында көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың үйлерінде көміртегі тотығының детекторлары орнатылған. Осылайша, 2 мыңнан астам отбасына 137,6 млн теңгеге материалдық көмек көрсетіліп отыр.

Жылыту маусымы басталғанын ескере отырып, көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларды көмір мен отынмен қамтамасыз етуге ерекше назар аударған жөн, ал пеш жылуымен жұмыс істейтін отбасылардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екендігін баса айтты Гүлнәр Таубайқызы.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись