Алдағы уақытта Моңғолиядағы қазақтардың генетикасына сараптама жүргізу жоспарланып отыр
Бүгін Қостанай қаласында биотехнологиялық ұлттық орталығының ғылыми қызметкері Жақсылық Сабитов «қазақ генетикасы тарихының жалпы жобасын» жүргізу мақсатында ұлты қазақ ер азаматтардың арасында сараптама жүргізді. Мұндағы басты мақсат – қазақ генетикасының тарихын толық зерттеу болып табылады. Бұл жобаны конкурстық демеушілік гранты бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландырып отыр.
-Біздің орталық қазақ халқының генетикасын зерттеп келе жатыр. Осы мақсатта біздің қызметкерлер 2009 жылы Қостанай облысының Жангелді, Амангелді аудандарында болып, ер азаматтардың қаны арқылы генетикасын тексерген болатын. Міне, биыл да бұл жұмыс жалғасын тауып жатыр. Қазақ халқының генетикасына зерттеу жүргізу мақсатында орталық қызметкерлері Орал, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Түркістан, Петропавл қалаларына арнайы барып, онда ғұмыр кешіп жатқан қазақтардың генетикасын анықтады.
Алдағы уақытта биотехнологиялық ұлттық орталықтың қызметкерлері Қызылорда шаһары мен Моңғолияның астанасы Баян-Өлгейге аттанады. Осылайша біз моңғолияда ғұмыр кешіп жатқан қазақтардың генетикасын да анықтауды мақсат етіп отырмыз, – дейді Жақсылық Сабитов.
Таңертеңгі 9:00-ден басталған шараға 10:30-ға дейін 18 ер азамат келіп, қан тапсырып, қажетті құжатты толтырып үлгеріпті. Олардың қандары Нұр-Сұлтан қаласындағы биотехнологиялық ұлттық орталықтың лабораториясында зерттеліп, қорытындысы хабарланатын болады.
Бұл сараптамаға барлық ру-тайпа өкілдерінің қатысуына болады.
Кез-келген жанға өзінің генетикасы жайында білу артық болмас. Сондықтан қан тапсыру арқылы генетикасы қандай адам екенін анықтап алған бір жағынан дұрыс та шығар.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77