Онда карантин режимі толық сақталуда
Өңір тұрғындарын биылғы жылы ҰБТ қалай өтеді екен деген сұрақтың көп толғандырғаны анық. Мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына түсуге бет алған түлектер үшін бұл өте жауапты сәт. Осы тестілеудің қорытындысына көп нәрсе байланысты екені тағы бар. Сондықтан болар түлектер оқуды аяқтап, қолдарына аттестат алғаннан кейін, енді ҰБТ-да жоғары балл жинасам екен деп үлкен дайындыққа кіріседі.
Бірақ үстіміздегі жылы әлем бойынша етек алған коронавирус дертіне байланысты төртінші тоқсанды үйде әлеуметтік желілер арқылы оқып, тестілеуден қанша балл жинайды екенбіз деп қобалжып жүргені де белгілі.
Міне, облысымызда карантин режимінде ҰБТ басталды. Жітіқара, Жангелдин аудандарының түлектері тапсырып үлгерді. Қаламыздағы түлектер ҰБТ-ға 26 маусымда кірісетін болады.
ҰБТ барысында карантин режимі толық сақталуда. Олардың тест тапсыруға кіргенде дене қызулары өлшенеді, міндетті түрде бет перде киюі қажет және аудиторияда отырғанда араларында 2 метр қашықтық сақталады. Осы шектеулердің толық сақталуы жіті қадағалануда.
Бір тоқсан қашықтықта білім алған түлектердің өмірлерінде алғаш кездесетін үлкен сыннан сүрінбей өтулеріне тілектеспіз.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77