COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

105566

Выздоровевших

110250

Зарегистрированных случаев

3575

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1796

Летальных случаев

Культура Новости

«История игрушек 4» мультфильмінің қазақша нұсқасы көрсетіліп жатыр

Бүлдіршіндеріңізге шаттық сыйлаңыздар

Қостанай қаласындағы «Қазақстан» кинотеатрында Дисней картиналарының бірі «История игрушек 4» мультфильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетілді. 20 маусымда аталмыш мультфильмнің премьерасы өтті.

Қазіргі таңда «Қазақстан» кинотеатрында қазақ тілінде «Ойыншықтар хикаясы 4» мультфильмі жүріп жатыр. Кішкентай бүлдіршіндеріңізді апарып, қазақ тілінде сөйлейтін ойыншықтардың шым-шытырық хикаясын көрсетуге асығыңыздар.

Мұнда келген кішкентай бүлдіршіндер өздерінің сүйікті мультфильмін қазақ тілінде тамашалап, мәз-мейрам болады. Бұл елімізде қазақ тіліне аударылған 30-шы мультфильм болып отыр. Оның  сапасы жоғары. Қазақ тілінде «Ойыншықтар хикаясы 4» деп аталған мультфильм қазіргі таңда мемлекетімізде кең көлемде көрсітіліп жатыр.

Мультфильмнің басты кейіпкерлерінің даусын Жанат Тынбаев, Айгүл Иманбаева, Айман Есенқызы сынды басқа да елімізге есімдері белгілі әртістер дыбыстаған.

Қазақ тілінде сөйлеген мультфильмнің кейіпкерлері қазақстандықтардың тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болуда.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77