ЖКХ

Электр энергияны үнемдеудің жолдары

Өңіріміздің бірқатар кәсіпкерлері энергия көзін жұмсауда қалай қаражат үнемдеуге болатынын түсінді

Қазақстанда энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды жүзеге асыратын, кәсіпкерлерді қаржылық қолдаудың үш бағдарламасы бірден іске қосылды.

БҰҰДБ, Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ), Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ), «Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін азайту энергия көздері» және «Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» жобалары аясында, кәсіпкерлер жаңартылатын энергия және энергия тиімділігі саласындағы жобалар бойынша негізгі қарызға сәйкесінше 25% және 40% субсидия ала алады. Субсидияланатын несие сомасы 450 миллион теңгеден аспауы керек.

Айта кету керек, бір өтініш беруші ЖЭК үшін де, қаржылық қолдаудың екі бағдарламасы бойынша да, энергия тиімділігін арттыру шараларының жеке кешені бойынша да өз жобасын қатар ұсына алады.
Үшінші бағдарлама – БҰҰДБ және Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыруға инвесторларды тарту үшін жағдай жасау» жобасы бойынша несиелерге кепілдік беру. Кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда, кәсіпкерлер бұл бағдарлама арқылы несие сомасының 85% дейін 3 жыл мерзімге кепілдік бере алады. Несие сомасы бір жоба үшін 350 миллион теңгеден аспайтынын атап өткен жөн.

– Мені жылытуға арналған жаңартылатын энергия технологиялары, атап айтқанда биомасса қазандықтары қызықтырды. Алдымен технологияның өзін толығырақ зерделеу керек, содан кейін жобаны жүзеге асыру үшін субсидия алуды жоспарлап отырмын, – деп бөлісті семинарға қатысушылардың бірі, Қостанай қаласыныың «Ардан-2015» ЖШС басшысы Ләззат Таблица.

Қостанай облысы, Б.Майлин ауданында орналасқан «Бәйтерек» компаниясының директоры Александр Соболев екінші деңгейлі банктер мен «Даму» қоры АҚ бағдарламалары арқылы қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруда.

– Біздің компания екі бағытты белсенді түрде дамытуда: «Бәйтерек» эко тәлімбағында көшет өсіру және тақырыптық саябақтарды ұйымдастыру, оның ішінде көгалдандыру, ландшафты дизайн және ормандарды молықтыру. Екінші бағыт – әлеуметтік жоба – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған, балалар сауықтыру орталығы. Орталық аумағында үш үлкен ғимаратымыз бар, сондықтан үнемдеу үшін жаңартылатын энергия мен энергия тиімділігін арттыру технологияларын пайдаланғымыз келеді, – дейді.

Қаржылық қолдау бағдарламаларын заңды тұлғалар да, шаруа және фермерлік қожалықтары (мемлекеттік кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда), жеке кәсіпкерлер де пайдалана алады.

Бағдарламаларды іске қосу Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен және ЖЭҚ қаржылық қолдауымен Қазақстандағы БҰҰДБ жүзеге асырып жатқан жобалардың арқасында мүмкін болды.

Қызығушылық танытқан жағдайда, кәсіпкерлер «Даму» және «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалдарынан немесе fm@undp.orgэлектронды поштасына жоба туралы қысқаша ақпаратты жіберу арқылы кеңес ала алады.

А.ҚАЙРАТҚЫЗЫ
Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77