Социум

«Электрондық үкімет» порталында қызмет көрсету тетіктері ұлғая түсті

Үйден шықпастан қажетті құжатыңызға қол жеткізе аласыз

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңалықтар туралы Азамат Кашиев баяндап берді. Облыс әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев «Электрондық үкімет» бойынша жүргізіліп жатырған шаралар жайына тоқталды.

– Бүгінде цифрландыру процесі тыныс-тіршіліктің барлық салаларын қамтиды және қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтердің 90% – ға жуығы электрондық түрде көрсетіледі. Биыл сәуірде құрылғанына 15 жыл толатын «электрондық үкіметтің» веб-порталы Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі құралы болып табылады. Онда 11 млн астам пайдаланушы тіркелген, – деді Азамат Кашиев.

Порталдың соңғы жаңалықтары әскери қызметтен босату және әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну бойынша қызметтерді автоматтандыру болды. Өткен жылдың қараша айында олар порталда орналастырылған жоқ. Енді бұл қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды және әскерге шақырылушыларға әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ, олар бұл қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн режимінде ала алады.

Сондай-ақ, порталда бұрын жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде көрсетілген ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 6 жаңа қызмет электрондық форматқа ауыстырылды.

– Банктердің Kaspi және Halyk мобильді қосымшаларында жеке кәсіпкерді (ЖК) тіркеу қызметі іске қосылды. Көлік құралдарын бұрынғыдай арнайы ХККО немесе eGov.kz порталында ғана емес, онлайн Kaspi.kz қосымшасында тіркеу мүмкіндігі пайда болды. Енді сатушы автомобильді қосымшадағы есептен шығарған кезде, қызмет автоматты түрде көлік құралын ауыртпалықтарға, айыппұлдарға және салық берешектеріне тексереді. Егер төленбеген салықтар мен айыппұлдар болса, сатушы оларды бірден қосымшада төлей алады. Сатып алушы сатып алу үшін ақша аударады, баж салығын төлейді, көлікті тіркейді және онлайн режимінде мемлекеттік нөмірді таңдайды, – деді ол.

Жаңа қызметті пайдалана отырып, көлік құралдарын сатып алушы мен сатушы мемлекеттік органдарға жүгінбей, осы рәсімнен өз бетінше өте алады. Онлайн-транзакция аяқталғаннан кейін құжаттар мен мемлекеттік нөмірді электрондық үкімет порталындағы өз үйіне жеткізуге тапсырыс беру немесе оларды өз бетінше алу мүмкіндігі бар.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті ұсынған орталық


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77