Біздің Қостанай

Электронды төлем – заман талабы

Жол ақысын банк картасымен төлей аласыз

Қостанай қаласы әкімдігінде қоғамдық көліктерге орнатылатын электронды төлем жүйесі талқыланды.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Наурызбай Мусиннің айтуынша, жол ақысын екінші деңгейлі банктердің картасы арқылы төлеуге болады. Бұдан бөлек қолма-қол есеп айырылсу жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

Айта кететін жайт, зейнеткерлер мен балалар жолда жүру картасын сатып алғандары дұрыс, өйтпеген жағдайда әлеуметтік жеңілдікке ие бола алмайды.

Көбіне көп қоғамда туындаған сұрақтар легі зейнеткерлерге қатысты болып отыр.

Қарт кісілер картаны қайда ала алады деген сынды. ТҮКШ бөлімінің басшысы Наурызбай Мусин зейнеткерлер үшін карта құны 370 теңге болатынын жеткізді.

– Бастапқыда біз зейнеткерлер өздерінің зейнетақысын алатын карталарымен төлейді деп жоспарладық, алайда валидаторлар жүйесі мен аталған карталарды интеграциялауда мәселелер туындады. Төлем зейнетақы картасы арқылы өтпейді. Сондықтан 1 желтоқсанан бастап зейнеткерлерге арналған жасыл түсті арнайы карталар шығарылады. Сол карта арқылы жеңілдікке ие болады, – деді Наурызбай Мусин.

Өз қаражаты есебінен «Alem Pay» кәсіпорны қоғамдық көліктерге 260 валидатор орнатқан. Бұл мақсатта 80 млн теңге жұмсағандығын айтады. Сондықтан жол жүру құнының 9,25%-ы компания есебіне түсіп отырады. Тасымалдаушыға бұл шығындарды әкімдік өтейтін болады. Ал, шамамен екі аптадан кейін балаларға арналған қызғылт-сары түсті карталар сатылымға шығатын болады.

Басы. Жалғасы 6-бетте


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77