Экономика

Jeti Qazyna монеталары айналымға шықты

Ұлттық Банк Jeti Qazyna монеталарын айналымға шығарады, – деп хабарлайды ел сайттары

Номиналы 100 теңгелік биколорлы айналыстағы монеталар 7 түрде берілген — ER JIGIT, SULÝ ÁIEL, QUMAI TAZY, AQYL BILIM, BEREN MYLTYQ, JÚIRIK AT, QYRAN BÚRKIT.

1) 500 теңгелік номинал proof сапасымен 999/1000 сынамалы алтыннан тұрады, массасы – 7,78 грамм, диаметрі –25 миллиметр, таралымы – 1000 дана;
2) 5000 теңгелік номинал proof сапасымен 925/1000 сынамалы күмістен тұрады, массасы –777,5 грамм, диаметрі – 100 миллиметр, таралымы – 250 дана;
3) 500 теңгелік номинал proof сапасымен 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 миллиметр, таралымы – 3 000 дана;
4) 200 теңгелік номинал рrооf-like сапасымен МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 миллиметр, таралымы – 25 000 дана.
5) 100 теңгелік номинал brilliant uncirculated сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан тұрады, массасы – 6,45 грамм, диаметрі – 24,5 миллиметр, әр түрінен 25 000 дана, жалпы таралымы – 175 000 дана. Номиналы 500 теңгелік монета – алтыннан, номиналы 500 және 5 000 теңгелік – күмістен дайындалған монеталар, номиналы 200 теңгелік мельхиор қоспасынан дайындалған бір коллекциялық монетадан және номиналы 100 теңгелік «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған жеті биколорлы айналыстағы монетадан тұратын блистерлік жиынтық коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77