Қазіргі кезде заңгердің көмегіне жүгінбей жұмыс істеу қиын. Қай кезде болмасын, өмірлік ситуацияға байланысты заңгерлерден кеңес алу маңызды болып келеді. Осы кезде тегін көмек беретін кәсіподақтар бар. Біз оларды тек жаңа жылға сыйлықтар немесе сыйақы береді деп ойлауымыз қате.
Кәсіподақтар қызметкерлердің құқықтарын қорғауға, жұмыс берушімен қарым-қатынаста олардың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға, кәсіптік одақтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге назар аударады. Айта кететін жайт мұның барлығы тегін жүргізіледі, ешқандай төлемақы талап етілмейді. «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» кәсіподақтар бірлестігі бірнеше жыл жұмыс жасап келеді. Бірнеше жыл ішінде ұйым үлкен нәтижелер көрсетіп, азаматтарға көмек берді. Келісім шартқа отырған сәттен бастап, халық оларға сенім артып, кез келген ақпаратты ала алатындығы қуантарлық жайт. Тіпті аудандарға барып, кәсіби кеңес беру жұмыстары да жүргізіледі. Осыған қоса Қостанай қаласындағы кәсіподақ ютуб қосымшасында тікелей эфир өткізіп жұмыстары жайында айтып отырады.
– Бұл жерге көбінесе жекеменшік кәсіпорындардағы жұмыскерлер келеді. Өйткені мемлекеттік орындарда өздерінің жеке кәсіподақтары бар. Бұл салаға қатысы жоқ адамдарда көмек сұрап келетін жайттарда болады. Біз оларға барынша көмек беріп, жол сілтеп не істеу керектігін айтып жатамыз. Қарапайым азаматтар өз құқықтарын біле бермейді, ал бізде ол жайында хабар бар, сондықтан барынша көмек қолын созуға тырысамыз, – дейді «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» кәсіподақтар бірлестігінің жетекшісі Карабаев Дуйсемби Султанович.
Адамдар өздерінің құқықтарын білгенімен, оған үңіліп қарамайды. Сіздің құқықтарыңыз басқа адамның құқықтары басталатын жерде аяқталады. Сіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білу және басқаларды құрметтеу, заңдарды орындау – бұл құқықтық қоғамда өмір сүру үшін қажет нәрсе.
– Адамдар өз құқықтарын білетін тәрізді болады. Алайда, заңдарды түсінбейді. Біз заңгер бола тұра, заңдарды оқып, қарап отырамыз. Өйткені, бір-біріне қарама-қайшы заңдар бар екендігін ескере кеткеніміз жөн. Оны келген адамға түсіндіруге тырыссақта, олар бірден түсіне қоймайды. Сонымен қатар, кәсіподақта тұрмайтын жұмыскерлер бізге көп келеді, – дейді «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» кәсіподақтар бірлестігінің жетекшісі Карабаев Дуйсемби Султанович.
Алдынғы жылы барлығы 112 өтініш келіп түсті. Оның ішінде кәсіподақ мүшелерінен 34 өтініш. 7 қызметкерге 3 млн. 50 мың теңге көлемінде жалақы қайтарылды.
Кәсіподақтың басты міндеті – әлеуметтік-еңбек саласындағы кәсіподақ мүшелерінің мүддесі мен құқығын қорғау. Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру сапасын жақсарту. Қазақстандықтар кәсіподақ ұйымдарына көбінесе еңбекақыны уақытылы төлемеу және жұмыс беруші тарапынан алдау мәселелері бойынша жүгінетіні мәлім болды. Аталған мәселе көбіне еңбек шартының болмауынан туындайды. Сондықтан Кәсіподақтар федерациясы жалдамалы жұмысшылардың құқығын барынша қорғауға тырысады.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77