Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік – ең алдымен болашағымыз саналатын балалар мен жасөспірімдердің дұрыс жолға түсуімен тікелей байланысты.
Осы мақсатта Костанай қаласының полиция қызметкерлері тұрақты түрде кәмелетке толмағандармен және олардың отбасыларымен профилактикалық жұмыстар жүргізіп отырады.Костанай қаласының полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Эльмира Байтасованың айтуынша, соңғы бес айдың ішінде ювеналды есепте тұрған 410 кәмелетке толмаған жас тіркелген. Бұл – түрлі категорияларға бөлінетін құқық бұзушылар саны.
— Егер кәмелетке толмаған бала есепке алынатын болса, бұл оның болашақ өміріне айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, мемлекеттік қызметке тұруға немесе арнайы оқу орындарына түсуге кедергі келтіруі мүмкін, – дейді полиця майоры.
Жасөспірімдер полиция есебіне бірнеше себептермен қойылады. Олардың қатарында сабақтан себепсіз қалу, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүру, қоғамдық тәртіпті бұзу, қаңғыбастықпен айналысу сынды әрекеттер бар.
— Биыл түнгі уақытта себепсіз көшеде жүрген немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған 572 бала анықталды. Олардың көпшілігі ойын-сауық орындарында жүрген, – дейді инспектор.
Егер жасөспірімнің туған күні жақын арада болса, мысалы, қаңтарда есепке алынып, мамырда 18-ге толса, оның есептен шығуы заң бойынша мамыр айында жүреді. Бірақ есепке алынған дерек ІІМ интеграциялық деректер базасында өмір бойына сақталады.
Есепке алынған балалардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру ай сайын жүргізіледі. Сондай-ақ, олармен бірге оқитын мектеп пен колледжде де тәрбие жұмыстары жүргізіліп, материалдар кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралады.
— Мысалы, сабаққа себепсіз келмей жүрген оқушы анықталса, ең алдымен профилактикалық әңгіме өткізіледі. Егер жағдай қайталанса, заңды өкілдері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, – дейді майор.
Есепке алынған әр бала бойынша жеке профилактикалық іс ашылады. Бұл істе баланың тұрғылықты мекенжайы, отбасы жағдайы, оқу үлгерімі мен тәртібі туралы мәліметтер жинақталады. Жасөспірімнің түнгі сағат 23:00-ден кейін үйде болуы – заң талабы.
— Егер түнгі рейд барысында баланың үйде жоқтығы анықталса, ата-аналарымен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, кейін комиссияға ұсыныс енгізіледі. Қаңғыбастықпен айналысқан немесе отбасындағы жағдайы тиімсіз балаларды арнайы білім беру ұйымына орналастыру туралы да шешім қабылдануы мүмкін. Онда олар бір жылға дейін тәрбиеленеді, – дейді полиция қызметкері.
Бүгінде қалада 281 отбасы «берекесіз отбасы» ретінде тіркеуде тұр. Бұл санатқа кіретін отбасыларда ата-аналар өз міндеттерін дұрыс атқармайды, тұрмыстық жағдайлары нашар немесе отбасында жиі жанжал шығып тұрады. Мұндай отбасылармен де жұмыс тұрақты жүргізіледі. Мектептерден, балабақшалардан және учаскелік инспекторлардан мінездеме алынады. Егер балалар тіркеу тобында болса, оларды арнайы жазғы сауықтыру лагерьлеріне жіберу ұсынылады. Полиция майорының айтуынша, білім беру ұйымдарында – мектептерде, колледждерде – түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі. Әсіресе, жазғы демалыс уақытында тәртіпке шақыру, құқықтық ақпарат беру, есепке тұру салдары туралы түсініктемелер жиі ұйымдастырылады.
— Біздің мақсатымыз – жазасын беру емес, керісінше алдын алу, дұрыс жолға бағыттау. Әр бала – қоғамның бір мүшесі, оның болашағы үшін жауапкершілік тек ата-анада емес, барша қоғамда, – деп түйіндеді аға учаскелік инспектор Эльмира Байтасова.
Аяжан СЕРІК,
сурет архивтен
алынды
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77