COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

113646

Выздоровевших

126860

Зарегистрированных случаев

4846

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1945

Летальных случаев

Новости Проишествия

Көп қабатты тұрғын үйдің жертөлесін су басты

Тұрғындар өздеріне қызмет ететін «ЖЭС 2» пәтер иелері кооперативіне көңілдері толмайды

Қаламыздағы Маяковский 107/2 көп қабатты баспанасының жертөресінде құбырдан келетін лас су жиналып қалған. Бұл жағдай туралы осы үйдің тұрғыны редакциямызға шағымданды.

Мұндай жағдай бірінші рет емес, осымен бірнеше рет қайталанған. Былтыр да осылай су басқан жертөре жайымен өздеріне қызмет ететін ТҮКШ бөліміне хабарласқан тұрғындар нәтижие шығара алмаған. Содан соң Қостанай қаласы әкімдігінің сайтына шағым жазған.

Жоғарыдан пәрмен жеткеннен кейін ғана міндетті қызметтеріне кіріскен. Енді тағыда осындай жағдай қайталанып отыр. Алайда, баяғы жартас сол жартас…

Тұрғынның айтуынша су басқан жертөре тұра бергендіктен көк иістеніп, жиналған су сасып, жағымсыз иіс жоғарыға көтерілгенде қолқаны қабатын көрінеді.

Сондай-ақ шалшық суға түсініксіз жәндіктер де үйір болып, көбейіп кеткен. Жар жағалай ол жәндіктер пәтерлерге дейін жетіп, тұрмысқа пайдаланатын заттар мен киім-кешектерді кеміріп кететін көрінеді.

Тұрғындар «ЖЭС 2» пәтер иелері кооперативі ұйымына ай сайынғы қызметі үшін 5 000 теңгеден төлеп келген. Алайда, тиісті міндеттерін орындамай отырып қаражатты уақытылы төлеуді талап етеді деп базынасын айтады.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттер мен бейнежазбаны ұсынған тұрғын


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77