Біздің Қостанай Социум

Көптен күткен мезгілді ойдағыдай өткізгіңіз келсе…

Жаз айларында кездесетін ауру көп

Жаз – бұл жаңа піскен көкөністер мен жемістердің, табиғатта серуендеудің уақыты ғана емес, сонымен қатар созылмалы және алғаш рет анықталған аурулардың өршу кезеңі.

Бір қарағанда тіпті зиянсыз симптомдар болашақта асқынулар түрінде үлкен қиындықтар тудыруы мүмкін.

Біріншіден, жазда балалар арасында жиі кездесетін аурулардың жеке тобы-тамақтан улану. Балалардың көбісі ағаштан піспеген жемістерді жеп улануы мүмкін. Сондай-ақ, курортта уланудың себебі көбінесе бала үшін ерекше немесе сапасыз тағам болып табылады. Ыстық ауа-райында тез бұзылатын және асқазан-ішек жолдарының проблемаларын тудыруы мүмкін ашытылған сүт өнімдеріне ерекше назар аудару керек.

Оған қоса қостанайлықтар мен қала қонақтары ыстық ауа-райын аса қатты жақсы көрмейді. Қатты ыстықта адамдарда күн соққысы, жылудың сарқылуы немесе тіпті термиялық құрысулар болуы мүмкін. Егер шұғыл көмек көрсетілмесе, күн соққысы өмірлік маңызды органдарға тұрақты зақым келтіруі немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Ыстық ауа – райы барлығына, соның ішінде жас және сау адамдарға әсер етуі мүмкін.

– Шөлдемесеңіз де, мүмкіндігінше көп су ішіңіз. Дені сау адамға ыстықта жоғалған сұйықтықтың орнын толтыру үшін күніне шамамен 2-2,5 литр таза су тұтыну жеткілікті. Алайда, салқындатылған су қан тамырларын қысқартады, осылайша ас қорытуды нашарлатады. Дененің фокусы ас қорытудан алшақтайды, өйткені ол сіздің дене температураңызды және судың температурасын реттеуге тырысады, бұл іс жүзінде судың жоғалуына және дегидратация сезімін тудыруы мүмкін, – деп атап өтті сарапшылар.

Айта кететін жайт, қазіргі таңда метоболиялық синдром, яғни жүрек – қан тамырлары патологиясының кең таралуы үрей туғызады және маңызды әлеуметтік – медициналық мәселе болып табылады. Бұл жаз айларында аса қатты мәселеге айналады. Адамдардың көбісі ыстық ауа райында сұйық тамақ ішпей, қою, тығыз тағамды көп іше бастайды.

– Бұл қазір әлем бойынша жайылған дерт. Әйелдерде бел 80 см, ерлердле 94 см – ден асса дене салмағының индексі 30,0 ден жоғарыларса, қан қысымы глюкоза мен холестерин алмасуының бұзылуы болса, бұл оныфнң бастапқы белгілері. Белдің шектен асуы мен басқа да негіздері байқалатын болса, ауру расталады, – дейді эндокринолог маман Надия Акдавлетова.

Нөмір 2 – ші емхананың өзінде 1500 – ден астам адам тіркелген . Мұндай ауруға шалдықтан немесе белгілерін байқаған адамдарға дәрігерлер барынша өмір қалпын өзгертуді ұсынады.

Аяжан СЕРІК,
фото Freepik.com


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77