Спорт

Көрісу күніне орай спорттың волейбол түрінен жарыс өтті

Ойын барысында командалар аянып қалмады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша «Жастар ісі секторының» Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастырумен жас жамағат арасында «Көрісу» күніне орай спорттың волейбол түрінен жарыс өткізілді.

Аталмыш жарысқа облыстық, Қостанай, Тобыл қалаларының және Наурызым аудандық мешіттерінің командалары қатысып, бақтарын сынады.

Жарыстың ашылу салтанатында Қостанай обылсы бойынша «Жастар ісі секторының» меңгерушісі Әлішер Ертайұлы мен «Жайлаубай ата» мешітінің найб имамы Әсет Жарлығасынұлы қатысушыларға насихат айтып, сәттілік тіледі.

Спорттық доданың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынға Қостанай облыстық, екінші орынға Тобыл қалалық, үшінші орынға Науырзым аудандық мешіттерінің командалары ие болды.

Жүлдегерлерге діни танымдық кітаптар мен бірге сыйлықтар табыс етілді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77