Алты сумен қамту нысаны жөнделеді
Ағымдағы жылы «Қостанай-Су» коммуналдық кәсіпорны былтырғы жылмен салыстырғанда, құбыр желілерін жаңарту шараларын екі есеге жоғарылатуда.
Осыған байланысты облыс орталығында жөндеу жұмыстары қарқын ала түскен.
Су тарату жүйесін жаңғыртуға 8,2 млрд теңге бөлінген. Қомақты қаржы қанша шақырым құбыр желісін алмастыруға жетеді.
Екі жоба арқылы қаржыландырылып отырған «Қостанай-Су» кәсіпорны биыл қызметін жандандыруды басты мақсат етуде. Белгіленген жобаның алғашқысы – «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы. Бұл ретте облыс орталығында 32 шақырым инженерлік желіні жетілдіруге 6,4 млрд теңге қаржы жұмсалады.
– «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының арқасында 5 құбыр станциясын жөндеуге 1млрд 800 млн теңге бөлінуде. Ол ақшаға кәріз құбырларын ретке келтіреміз, – деп атап өтті «Қостанай–су» мекемесінің басшысы Еркебұлан Файзулаев.
Екінші «Жұмыспен қамту жол картасы» жобасында 5 құбыр станциясы бар. Аталмыш жобада кәріс судың жұмысын жақсартуға 1,8 млрд теңге бөлінген. Жоспар бойынша екі бағдарлама аясындағы шаралар бір уақытта атқарылады. Коммуналдық мекеме салқын су мен қызмет сапасын арттыруға бағытталған жұмыс барысында 6 сумен қамту нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
– Қала аумағындағы Чкалов, Мәуленов, Шипин және Чехов көшелерінде бірнеше жүз метр су құбыры алмастырылатынын айта кету керек. Бұл шараларға бірқатар бригада жұмылдырылатын болады.
Ол тұрғындарға қолайсыздық тудырмай жұмысты ертерек аяқтауға мүмкіндік береді, – деді ол.
Кәсіпорын жетекшісінің сөзінше, заманауи технология мен жаңа әдіс-тәсілдердің құбыр желілерін жөндеу жұмыстарына тигізетін пайдасы зор. Ол біріншіден уақытты,екіншіден қаражатты үнемдейді.
Аяулым ЖАҢБЫРШЫҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77