Кеште тағылымды естеліктер айтылды
Үстіміздегі жылы біздің өңірімізде дүниеге келген ақын-жазушылар жайлы есте қаларлық басқосулар ұйымдастырылды. Солардың бірегейі Сейіт Кенжеахмет екендігі белгілі.
Егер ол тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. Оның өмірін үлгі тұтып, шығармашылығын әрқашан да жоғары қоятын яғни облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлері парасат ордасының қонақжай залында шығармашылық кеш өткізді.
Оған көрнекті сатириктің көзін көрген, туындыларын ерекше бағалайтын зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері Серікбай Оспанов, Нағашыбай Мұқатов, айтыскер ақын Әлфия Орманшина, белгілі этнографтың сүйікті перзенті Жасұлан Сейітұлы, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің басқарма басшысы, ізденімпаз ғалым Эльмира Наурызбаева, музей басшысы, жан-жақты дарын иесі Марғұлан Оспанов және басқалар сөз сөйлеп, оның шығармашылығы жайлы әңгімеледі.
Сондай-ақ осы кеште сатиралық қойылымдар қойылып, өлең-жырлар орындалды. Жиналған қауым басқосудан үлкен әсер алды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77