Бүгінде Қостанай жастарының көбі жеке кәсіпкерлікке бейімделіп келеді
Өздерінің ойдағы арман-мақсаттарын жүйелі жоспарлап, орындалу жолында еңбектенеді. Алдыға ұмтылады.
Сондай жандардың бірі жас кәсіпкер Қасымов Нұрсұлтан есімді азамат. Ол өзінің шағын кәсібін осыдан екі жыл бұрын қолға алған. Банктен қарапайым 1,5 миллион теңге көлемінде несие алып, жетпеген тұсына туыс-туғандары, жанашыр жақын жандар жәрдемдесіп шағын кәсібін ашуға көмектеседі.
Көзілдірік десе біздің көз алдымызға нашар көретіндерге арналған көзілдірік сататын дәріхана, болмаса көтерме саду орталығында тұрған күннен қорғанатын көзілдіріктер еске түседі. «Get Glasses» компаниясының негізін қалаушы жас кәсіпкер, Нұрсұлтан Нұржанұлы Қостанайда жастардың бағытында көзілдірік сататын дүкендер жоқтын қасы екендігін айтады.
–Мен өзім көптен бері көзілдірік тағамын. Қостанайда көзілдірік сататын, таққанда орнықты, сырт көзге де жақсы көрінетін, жастарға арналған сатылым нүктелерін таба алмадым. Мүлдем жоқ деуге келмейтін шығар, бір-екі жер бар. Ол алайда үлкендер жағына көбірек бағытталған деп ойлаймын. Жастар онда емін-еркін жүріп көзілдірік таңдай алмайды. Мен бүгінгі жастарымызға жақын форматта ашқым келді,– дейді ол.
Нұрсұлтанның дүкенінде заманауи бағытта безендірілген ашық сөрелерде көзілдіріктер тізбегімен тұр. Кірген адам өзіне қалаған көзілдірігін ешкімнің нұқаулығынсыз өзі таңдап айнаға қарап киіп көріп таңдай алады. Мұнда, дәріханадағындай ақ халаттағы маманға, тек алыстан қол созып көрсету арқылы көріп, сатып алу деген қағида жоқ. Еркін түрде қалаған көзілдірігіңізді өзіңіз аралап жүріп ала аласыз. Сатушылары да еркін киімде, сізге қажет болған жағдайда қызмет етеді. Сондай-ақ дәріханадағыдай дәрі-дәрмектін иісі аңқып тұрмайды, мұнда жағымды хош иіс шығады.
–«LOFT» стильінде ашылған көзілдірік дүкенім болып табылады. Біз көзілдірікті Қостанай қаласына Ресей, Қытай, Италия, Түркия, Корей елдерінен тасымалдаймыз. Мәскеу қаласына көзілдіріктер көрмесіне барып қатынасып, сапалыларын осында әкелдім. Көрмеге шет елден келген қатынасушылармен пікір алмасып, тәжірбие жинақтап келіссөздер жүргіздім, – дейді жас кәсіпкер.
Бүгінде бұл дүкенде күннен қорғау үшін және нашар көретіндерге арналып сатылатын көзілдіріктің ең төменгі бағасы 5 мың теңгеден басталып, 80 мың теңгеден асып жығылады. Мысалы, сізге нашар көретіндерге арналған көзілдірік қажет болса, дәрігердің нұсқаулығы бар қағазыңызбен дүкен ішінен өзіңізге жарасымзы көзілдірікті алуыңызға әбден болады. Егер ол қағаз болмаған жағдайда дүкен қызметкерлері сізге сапалы көз дәрігеріне бағыт-бағдар айтады. Сол арқылы барып көзіңізді қаратып келген соң ала аласыз.
–Бізге келген адам дәрігердің нұсқаулығымен қалаған көзілдірікті ала-алады. Кей кездерде қағазы болмағандарды біз көз көрулігін тексеретін мамандарға, емханаларға бағыт бағдар береміз. Ол кісілер нұсаулықты алып келген жағдайда қызмет көрсетеміз. Ал, өзімізде көз тексеретін құрылғы жоқ. Біз ондаймен айналыспаймыз, – дейді Нұрсұлтан.
Қазір көзілдірік саудасынын нақ қызатын шағы. Күннен қорғанатын көзілдіріктер базар аймағында әр адым сайын самсап тұрады. Бағасы да қолжетімді. Алайда ол көзілдіркітердің сапасы төмен болғандықтан кейбірі осал келеді, кейбірі алмай жатып құртылып қалып жатады. Оның бәрі сапаға келіп тіреледі.
Ал, жас кәсіпкер Нұрсұлтан Нұржанұлының айтуынша олар ең біріншіден сапаға аса мән береді. Қостанайлықтардың көзілдірік таңдауға келгенде деңгейі жоғары екендігін айтады.
–Көзілдірікті ер кісілер таңдағанда, ең бірінші таққан сәтте қонымдылығын, жайлылығын қарайды. Қыздар, әйелдер таңдаса көркемділігіне, әсемдігіне, ерекшелігіне мән беріп ұзақ уақыт таңдайды. Біз осылардың барлығын ескере келе ең бірінші сапаға зор мән береміз. Линзасының жақсы болғанын қадағалаймыз. Кім өзінің көзінің жақсы, көру деңгейі төмендеп кетпеуін қалайтын болса, ол ешқашан көтерме сауда орталығынан көзілдірік сатып алып тақпайды деп ойлаймын. Сол себептен, біздің де тұрақты сатып алушыларымыз бар. Солардың қатарын арттыруымыз қажет, – дейді ол.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77