ЖКХ

Көзге түсетін қателік

Әр әріпке назар аударған жөн

Біздің оқырмандар әлеуметтік желіге Тәуелсіздік көшесінде орналасқан үйдің бірінде көшенің аты дұрыс жазылмағандығын айтқан болатын.

– Біз осы үйде тұрамыз. Өткен сайын көзге түсетін қателік. Бірақ кімге жүгіну керектігін біле қоймайсыз. Сондықтан сіздерге жазып тұрмыз, – дейді оқырмандардың бірі.

«Тәуелсіздіқ 34», әрине, мұндай қателікті дұрыстау мақсатында біз Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінен сұрастырдық. Бұған дейін бізде Әл-Фараби көшесі жазылып тұрған жерде қателік бар екендігін жазған болатынбыз. Жақын арада дұрысталады деген үміттеміз.

Егер сіздер қандай да бір қателікті байқасаңыздар, бізге хабарласып, не жазып айта аласыздар.

Аяжан СЕРІК


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77