Правопорядок

Карантин режімін бұзған нысан иелеріне 100 бен 500 АЕК көлемінде айыппұл салынады

Айыппұл арқалаған кәсіп иелері, сақтық шараларын қатаң сақтауға уәде берді

Елде төтенше жағдай режимі алынып тасталғанымен, карантиндік тәртіп сақтаған. Алайда, оны бәрі дұрыс жағынан түсінбеген сынайлы. Қауіпті індетті жұқтырушылардың саны ел арасында көбейіп барады. Оның бірден-бір себебі сақтық шарларын қатаң сақтамағандықтан болып отыр.

Осы олқылықтарды анықтау үшін облыстың бас санитар дәрігері Владимир Нечитаило және Қостанай қаласының бас санитарлық дәрігері Алматы Байкенов және жергілікті полиция қызметкері мен өңірлік БАҚ өкілдері кезекті рейд шарасына шықты.

Шараның нәтижесінде карантин талаптарын сақтамаған азық-түлік дүкендері, автобус жүргізушілері, мейрамханалар анықталды.

Айталық, автобус жүргізушісі қызмет барысында қолғап қолданбайтын болып шықты, оларда тіпті зазалсыздандыру құралының өзі жиі болмайды екен. Кей қоғамдық көліктерде адам саны көп болса, енді бірінде бос орындар табылып жатты. Жолаушылардың өздерінде бетперде болғанымен оны тақпаған күйі көзге түсті, тек мониторинг тобы автобус ішіне еңген тұста, жаңталаса қалталарының түбінен алып, тақты, тіпті бетперде жоқтары қолдарында бар дүниелермен ауыздарын қымтап әлек болды.

Енді бір такси жүргізушісі «сасқан үйрек артымен жүзет…» дегендей, көлігінің төбесінде «такси» белгісі болса да, ол адам тасымалымен айналыспаймын деп ақталды.

– Мен адам тасымалымен айналыспаймын. Орталыққа тек анамды шаруларымен алып келдім. Ал, бұл төбемдегі бұрыннан тұр, менің алып тастауға қолым тимедй, міне.. қазір сіздердің көздеріңізше алып тастаймын, – деп белгіні алып көлігінің ішіне жасырып қойды.

Бетпердені де аяқ-астынан тауып, тағып алды.

– Бұл бетперде тозыз қабаттан жасалған, арнайы тіктірдім. Күніне бір рет сарымсақпен өңдеп отырамын. Сол себептен, ешқандай коранавирус өтпейді, 200 пайызға сенімдімін, – деп ол өзінің әзілкештігін байқатты.

Ал, «MART» ойын-сауық орталығындағы үлкен киім бөлімінде карантин шараларын сақтаған жанды таппадық. Өйткені, онда төлем үстелінде де ұзын сонақ кезек болса, киім алушылар саны да тым көп болды, қашықтық мүлдем сақталмаған.

Санитарлық дәрігерлер иесіне түсіндірме берумен тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің кеңсесіне келуді тапсырды. Жеке кәсіпкерлік санатына байланысты талапты бұзғандары үшін 100-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл салады.

Тұрмыстық техника сататын «Sulpak» дүкенінде барлық шектеу талаптары сақталғанын бірден аңғаруға болады. Едендеріне дейін өңделгені көрініп тұр. Онда тіпті қашықтықтан қызу өлшейтін құрылғы да бар екен, оны әр кірген адамға қолданатын көрінеді. Дүкен әкімшісі құрылғыны Владимир Нечитайло мырзаға қолданып көрді, дене қызуы 36,2-ні көрсетті.

Рейддік жұмыс сағат 18.30-да басталып, түнгі сағат 23.00-де Гашек көшесінде орналасқан жағалау бойында аяқталды.

Мұнда олар 22.00-ден кейін азаматтардың үйлерінен шығуына қойылған шектеуді тексерді. Жағалау бойында ерлі-зайыптылардың және жас ұл-қыздардың көптеген тобы кездесті. Оларға арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77