Қостанай облысында «Өмірге үміт сыйла!» қайырымдылық акциясы жалғасын табуда
Оның аясында жерлестеріміздің денсаулығын нығайтуға арналған 21 тыныс алдыру аппараттары көршілес Ресейдің Екатеринбург қаласынан сатып алынды. Бұл жайында облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай:
– Өңірімізде осы күнге дейін 20 миллионға жуық қаражат жиналды. Осы қаражатқа алынған 34 аппараттың игілігін халық көріп жатыр. Ал алдағы уақытта осындай құрылғылар мен дәрі-дәрмектер және басқа да аурухананың қажеттілігі жеткізілуі жоспарлануда. Акцияға белсене қатысып, мұрындық болған азаматтарға, имамдарға «Олжа Агро» және «Best Kostanay» секілді мекеме басшыларына айтар алғысымыз шексіз,-дейді. Халықтың денсаулықтары мықты болса, еліміздің де экономикасы өркендей түсетіндігі белгілі. Ендеше жүректері мейірімге толы іскер жандардың ниеттері қабыл болып, жерлестеріміздің отбасы тек қуанышқа кенеле берсін. Бауырларымыз «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы берік ұстана береді деген нық сенімдеміз.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77