COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102323

Выздоровевших

107529

Зарегистрированных случаев

3472

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

Біздің Қостанай

«Әке туралы сөз»

Әкелер күніне орай іс-шара ұйымдастырылды

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде АҚШ-та 1910 жылдың 19 маусымында алғаш рет тойланған халықаралық «Әкелер күні» атап өтіледі.

Мерекенің негізін қалаушының әкесін Уильям Смарт деп атады, оның әйелі алтыншы баланы дүниеге әкеліп қайтыс болды, бірақ әкесі жалғыз қалғанына қарамастан жаңа туған нәрестені және тағы бес баланы тәрбиелеп өсірді.

Ізгілікті Уильям азамат соғысының ардагері болды және балаларымен фермада тұрды. АҚШ-та бұл күн ұлттық мереке ретінде тек 1966 жылы жарияланды. Уақыт өте келе отбасы құндылықтарына құрметпен қарайтын басқа да елдер Құрама Штаттардан кейін осы күнді атап өтіп, ерлерге – әкелерге құрмет көрсете бастады.

Қазақстанда «Әкелер күні» жақында аталып өтіле бастады және әзірге ресми мереке болып табылмайды.

Әкелер күні – бұл әкелерді еске алу, құттықтау, отбасындағы әкенің беделін көтеру, оның бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру және бұл осы мерекенің басты мақсаты болып табылады.

Бүгінгі күні оны әлемнің 65-тен астам елінде кітапханалар, мектептер мен университеттер қолдап, табысты өткізіп келеді.

Қостанай облыстық арнайы кітапханасы мерекені атап өтуге бірінші рет қатысып отыр. Кеше арнайы кітапханада «Әке туралы сөз» атты онлайн іс-шара өтті.

Ашық микрофон режимінде кітапхананың белсенді оқырманы Барабанов Владимир өзінің майдангер әкесі Николай Георгиевич туралы әңгімелеп берді.

Ол балалық шағынан алған әсерімен, әкесінің рөлі, маңызды оқиғалар туралы айтып берді.

Өзі әке болып табылатын Владимир Николаевич әке болу деген не, түрлі қиындықтарды қалай жеңу керек және балалардың өміріне қалай қатысу керектігі туралы өз ойымен бөлісті.

Ашық микрофон Владимир Николаевичке әкесіне кезекті рет өзінің алғысын білдіруіне, әкесінің өзі үшін қандай ерекше адам екенін, оны қалай жақсы көретінін және бағалайтынын жеткізуіне мүмкіндік берді.

Бақытжамал Абжанова,
«Қостанай облыстық көзі көрмейтін және
нашар көретін
азаматтарға арналған
арнайы кітапханасы» КММ кітапханашысы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77