Культура

Киелі Түркістан жерінде Қостанайдан барған әнші қыз жүлделі үшінші орынды жеңіп алды

Әскери қызметкер  Эльвира Нұрғожина өнерімен көпшілікті тәнті етті

Өңіріміздегі ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери патриоттық басқармасының ән-күй ансамблінің әншісі, әскери қызметкер Эльвира Нұрғожина республикалық «Түркістан дауысы» байқауының жүлдегері болып оралды.

Еліміздің жас орындаушыларының арасында өткен «Ән салатын дауыстар» республикалық жобасы Түркістан қаласында өтті. Осы шарада облысымыздың намысын қорғаған Эльвира Нұрғожина  өзінің әсем даусымен байқаудың әділ қазылар алқасын өзіне қаратып, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді. Осылайша ол жүлделі үшінші орынға жайғасты.

Аталмыш байқауда облыстық және республикалық ауқымдағы танымал таланттар вокал мен биден өздерінің бақтарын сынады. Әділ қазылар алқасында Медеу Арынбаев, Маржан Арапбаева, Жанар Дугалова, Бейбіт Оралұлы және Өзбекстанның халық әртісі  Мансур Ташматов сынды өнер дүлдүлдері болды. Олар Қостанай жерінен келген талантты жастың өнеріне тәнті болып, жүлделі орын ұсынып, өнердегі жолына сәттілік тіледі.

-Осынау байқауға қатысып, бақ сынағаныма қуаныштымын. Өнерім еселене түскендей. Өзіме жаңа дос тауып, ерекше әсер алдым. Келешекте тағы да осындай байқауларға қатысып, бақ сынасам деген ойдамын,-дейді өнер иесі Эльвира Нұрғожина.

«Өнерлі өрге жүзер» демекші, алдағы уақытта талпынып алға ұмтылған жанның үлкен асуларды бағындыратынына сеніміміз мол.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Сурет шекара қызметкерлерінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77