Образование

«Кітапқұмар мектеп – кітапқұмар ұлт»

Жаңа жоба аясында біршама жұмыс атқарылып жатыр

Кітап. Кітапхана. Бұл сөздер бір- бірімен тығыз байланысты егіз ұғымдар. Кітап дегеніміз – баспадан түптеліп шығарылған мәдени рухани қазына. Кітапхана – көпшілік тұтынуына керекті кітаптар сақталып тұратын мекеме. Бұл – нақты ғылыми тұжырымдамалар. Екінші жақтан алып қарасақ, кітап дегеніміз – ақиқат дүниені, өмірді танып білудің жолы, белгілі бір ғылым саласындағы таным – білімнің жиынтығы, адамның жаратылыс сырын, өмірдің мәнін, ақиқат әлемді, обьективті шындықты білу жолдары.

Біз әрбір сөздің мағынасын кітап оқу арқылы білеміз, барлық білім негіздерін кітапты оқыту арқылы оқушылар бойына сіңіртеміз, кітап оқуға баулимыз. Кітап сенің досың, сен кітаппен дос болсаң, сенің достарың көп болады, сенің сөздік қорың да, ойлау қабілетін де жақсы дамиды деп алғаш мектеп табалдырығын аттаған балаға біз дос тауып береміз. Оның пайдалы тұстарын да көреміз, кітап оқудың пайдасын сезіне білген әрбір баланың бойында кітап оқуға деген құмарлық ояна бастайды. Кітаптан жаңа достар табады, сол кейіпкерлердің мінез құлықтарына еліктейді, соларға ұқсағысы келеді. Баланың дүние танымы дами түседі, қызығушылығы оянады. Осылайша, баланың кітапқа деген махаббатын оятамыз.

Бірақ қазіргі уақытта біз осылайша жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятып жатырмыз деп айта аламыз ба? Осы сұрақ бәріміздің көкейімізде тұрады.

2017-2018 оқу жылында «Кітапқұмар мектеп – кітапқұмар ұлт» жобасын бастап, біршама жұмыс атқарылған болатын. Жобаны құрастырып, ілгерлетіп,жетелеген директордың әдістемелік ғылыми жөніндегі орынбасары Серикбаева Роза жетекшілік етті. Осы жоба нәтижесінде өз бетінше білім алуына бағытталып оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтінді, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталды, білімдерінің функционалдылығына қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар сабақ басталар алдында шығарманы «бес минуттық оқу» әдісі оқушылардың алдындағы шығармаға одан сайын «қызығушылық» тудырып отырды. Кітап оқуды жарнамалау, насихаттау мақсатында сыныптан тыс жүргізілген іс шаралардың бірі- балалар арасында жүргізілген интеллектуалдық ойын балалардың жігерін, ой санасын,блім дәрежесін, сөйлеу мен сөзге машықтандырды. Интелектуалдық «Әдебиет еліне саяхат»» атты ойынын Бағытжан Айым екі топқа бөлінген топтар арасында оқыған шығарманы оқу техникасы жарысынан бастады. Минут ішінде қанша сөз оқып шығатыныда бағаланды. «Жұмбақ сандық» екінші турындағы ойында сандық ішіндегі мақалдарды жалғастыру болды. Ал «Бұл кім?» турнирінде белгілі ақын -жазушылар туралы баяндалған сипаттамадан, кім туралы екенін табу керек болды. Үш тілдікті де сырт қалдырмай ойынның арасында жұмбақтар шешкізіп, жауаптарын үш тілде жауап беру болды. Осы ойынның баларлардың, зеректігін, жан жақтылығын, кітап оқудың аса зор екендігі айтпай –ақ анық болды.

Биылғы жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Кітапқұмар мектеп – кітапқұмар ұлт» Жобасы іске қосылды.

Мақсаты мен міндеті айқын жобаны, біз жобаны қуана құптап, жұмысымызды жалғастырып отырмыз.Осы жоба аясында мектепте жұмыс жоспарланып, әр апта сайын іс-шаралар ұйымдастырылды. Жобаны елдегі жағдайға байланысты қашықтықтан ұйымдастырдық. Міне, балалар мектепке оралғаннан бастап, жұмыс жалғасын тапты. Мектеп кітапханшысы Э. Куюбаева өз жоспарын алға тартып, қаладағы кітапхана үйі- Ы. Алтынсарин кітапханасымен келісіп, ортақ істі қолға алды. Балаларды кітапханаға апару- қажетті іс. Оқушылармен алға қойған жоспардың бірі- Мади Айымбетовтың «Бар болғаны он төрт» көркем кітабын кезекпен оқуға берілді, балалар оқып, ортаға салып талқылайды. Әрине, бұл сынып жетекшісіз өтпейді. Келесі сынып «Алтын тостағанды іздеу» кітабы иеленді. Толыбек Абдырайымның «Алабұға аулаған күн» кітабы да балалар қолында. Міне, кітапқұштарлық балаларға құштарлық туғызуға әсерін тудырар. Оқыған кітапты сурет салумен ұштасыру – ол да бір жақсы әдіс тәсіл. Кіші жастағы балалардың қолдарынан шыққан осындай туындылар жобаның бала үшін қажеттісі болмақ. Осындай біршама жоба жұмыстары ата- ана белсенділін тудырады. Бастауыш сыныптағы баланың кітаппен есейген өзіне де, үлкендерге де берері көп. Себебі , ол осы жаста газет емес, журнал емес , тек қана кітап оқуды таңдайды. Ол кітап оның серігіне айналса, оның таңдауы дұрыс болғаны. Әсіресе, қала балаларына кітапқа құмарлық ата- анаға ой тудырып, болашаққа итермелеу күші болар деп сенеміз.

Нұргүл Қасенова,
№ 24 мектеп гимназиясы
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77