Еліміздегі жарияланған төтенше жағдай коронавирустың алдын алу үшін жүргізіліп жатыр
Бүгін іші оқырмандарға толып, тірлігі қыж-қыж қайнап жататын Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының іші тым тырыс. Бұған себеп елімізде коронавирустың алтын алу шараларына байланысты өткізіліп жатқан төтенше жағдай.
Мемлекетімізде 16-шы ақпаннан 5-ші сәуірге дейін жарияланған тетенше жағдайға байланысты кітапханаларға оқырмандардың келуіне тиым салынды. Осыған орай Қостанай шаһарының кітапханалары онлайн режимде жұмысын жасап жатқаны белгілі болды.
Қаламыздағы төтенше жағдайға байланысты кітапханалардың жұмыстарында қандай өзгеріс болып жатқанын білу мақсатында аталмыш кітапхананың директоры Дариға Дюсебаевамен тілдескен болатынбыз.
– Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты кітапханаларға оқырмандардың келуіне толық тиым салынды. Қазір біздің қызметкерлер оқырмандарға онлайн режимінде өздерінің көмектерін көрсетіп жатыр. Кітапханаға үнемі келетіндердің басым көпшілігі студенттер. Олар да төтенше жағдайға байланысты қашықтықта оқу жүйесіне шыққаннан кейін кітап оқуды қолға алатыны белгілі. Осыған байланысты қазір оқырмандар тарапынан кітапханамыздың онлайын режиміне ерекше көңіл бөлінуде, – деді.
Сонымен қатар кітапханада түрлі кездесулер мен мерекелік іс-шаралар өткізуге де тиым салынған.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77