Образование

Кітапханада Конституция күніне арналған іс-шара өтті

Онда балалар ойын ойнату арқылы заңмен және өздерінің құқығымен танысты

А.Пушкин атындағы балалар кітапханасында Қостанай ауданы білім бөлімінің балалар музыкалық мектебінің тәрбиеленушілері арасында Конституция күніне арналған іс-шара өтті.

Шара барысында балалар Қазақстан Республикасының заңымен танысып, өздерінің құқтарын меңгерді. Үш бөлімнен тұратын қызықты ойын ойнады. Бірінші бөлімі блиц-сұрақтар, екіншісі викториналық сұрақтар, үшіншісі «Ертегі және құқық» деп аталды. Заң туралы өздеріне қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

Конституция күніне арналған шарада әсем әуен қалқып, күй күмбірледі. Аталмыш музыка мектебінің тәрбиеленушілері «Кербез сұду» әнін орындап, үш домбырашы бала Құрманғазының «Адай» күйін тартты. Сондай-ақ шара соңында өнерлі балалар Жетіген аспабының сүйемелдеуімен «Ақ баян» әнін орындады.

Сонымен қатар балалар кітапхана қызметкерлерінің дайындағын «Основной закон страны» деп аталған тақырыптық сөресін тамашалады. Онда «Конституция РК», «Эра независимости», «Қазақстан жолы», «Қазақтың ата заңдары» сынды құнды еңбектер қойылған.

– Конституция күніне арналған шараның балалар үшін маңыздылығы жоғары болды деп ойлаймын. Олар ойын ойнау арқылы еліміздің заңын танып қалды. Өздерінің құқығы жайында да көп мәлімет алды. Балаға заң жайында жай отырғызып айтып, түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан өзге балалармен бірге қызықты ойын ойнату арқылы түсіндіргеннің орны бөлек. Шара барысында заң жайында қойылған сұрақтарға олар тез арада дұрыс жауап беріп отырды. Бұл олардың алғырлығын, көппен бірге берілген мәліметті қабылдай алатынын білдіреді. Бұл баланың ең жақсы қасиеті,-дейді кітапханашы Олеся Партечко.

Иә баланың ойы әрдайым ойында жүреді. Сондықтан оларды құр ойнатып ғана қоймай, пайдалы ойната білсек нұр үстіне нұр.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77