Биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толып отыр
Н.Островский атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері орталық саябақта Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, «Өмірге ерте құлаш сермегем мен» атты поэтикалық марафон өткізді. Кітапханашылар қала тұрғындарына ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Қала тұрғындары ақындық марафонға қуана қатысып, «Ей өмір», «Ғашықпын», «Үш бақытым», «Дос болам десең» өлеңдерін оқыды.
Шара барысында қала тұрғындары кітапханашы Қанипа Тасболатованың орындауындағы «Саржайлау» әнін тыңдап, мәре-сәре болып қалды. Орталық сабақта демалушыларға «Кітапханаға қалай өтуге болады» атты жарнамалық буклеттер таратылды.
-Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың поэзиясымен барша қазақ тербеліп өсті. Оның өлең жолдары мәнді де мағыналы, ұйқасы келісіп жатады. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандарымыздың арасында «ақындардың ішінді кімді сүйіп оқисыздар» деген сауалнама жүргізгенімізде, көпшілігі Мұқағали Мақатаевтың поэзиясын ұнататынын білдірді. Осынау өміргетқайта келмес ақынның әр өлең жолдарынан оның жандүниесінің тазалығын, ниетінің ақтығын, шынайы талант иесі екенін байқаймыз. Сондықтан біздің кітапханада ұжымы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығын назардан қалдырмай, осында іс-шара ұйымдастыруды қолға алды,-дейді кітапханашы Ботагөз Дүйсембаева.
Мұқағали Мақатаев шынайы таланттың көрінісі. Оның қаламынан туған поэзия әлі де қазақ халқын тербеп келеді. Жүрегі кең, көңілі таза ақынның әр өлең жолынан махаббатты, шынайылықты көреміз. Нағыз ақын осындай болса керек.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77