Новости События

Кітапханада тағылымы мол кездесу ұйымдастырылды

Онда студенттер Еңбек Ерлерінің өмір жолымен жан-жақты танысты

Н.Островский атындағы қалалық кітапханасының қызметкерлері еліміздің Еңбек Ерлері Сайран Бұқанов пен Алмат Тұрсыновқа арналған «Өзім туып-өскен өлке – мен үшін қымбат» деп аталатын кеш ұйымдастырды.

Бұл жиында жастарға аталмыш есімдері елімізге белгілі тұлғалармен кездесіп, көкейлерінде жүрген сауалдарын қоюға мол мүмкіндік туды.  Олармен жүздесуге Затобол кентіндегі ауылшаруашылық колледжінің студенттері шақырылды. Сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырмандары да қатысты.

Кездесу барысында Еңбек Ерлері жайында түсірілген видеороликтер көрсетіліп, әннен шашу шашылды. Мұнда арнайы шықырылған қонақтар өздерінің өмір жолы жайында баяндап, жеткен жетістіктеріне тоқталды. Жүздесуге келген студенттердің сұрақтарына нақты жауап берді. Олармен өздерінің ауылшаруашылық саласында жинаған мол тәжірибелерімен бөлісті.

Тағылымды жүздесуде «Толқын» жастар шығармашылық студиясының мүшелері  Кеңшілік Бақытжамал мен Алмат Тобылов Еңбек Ерлеріне арнаған өздерінің өлең жолдарын жүректерге жеткізе мәнерлеп оқыды. Аталмыш кешке арнайы кітап көрмесі де ұйымдастырылды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77