Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Н. Островский атындағы қалалық кітапханасының қабырғасында «Өзіңнен баста» тақырыбында кітап көрме ұйымдастырылып, онлайн-жүйесі арқылы көрермен назарына ұсынылды.
Қостанай қалалық кітапханасы, қалалық кітапхана жүйесі Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы Медициналық мекемесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. СӨС қалыптастыру орталығының қызметкерлері айтулы кітапхана оқырмандарымен жиі кездесулер ұйымдастырып, лекциялар оқып, тренингтер өткізіп, ақпараттық парақшалар таратып отырады.
Денсаулық – табиғаттың адамға берген ең ұлы құндылығы. Осы құндылықты сақтай отырып, ұзақ өмір сүрудің жолдарын кітап көрмеде берілген «Қазақстан әйелдері» журналының «Бақытты болуға бастама» атты топтастырылған мәліметтер жинағында айтып жеткізілген. Сонымен қатар көрмеде ұсынылған мерзімді басылым беттеріндегі «Миі саудың жаны да сау, дені де сау» атты мақаласында адамдардың бақытты өмір сүруіне мидің сау болуы маңызды екенін және миді жаттықтырудың ең тамаша тәсілі кітап оқу, білімге ұмтылу және кітап оқу сау денелі болудың табылмас дәрісі делінген.
Дұрыс берілген ақпарат жастардың ойлануына, жауапкершілігіне әсер етеді. Кітапхананың мемлекеттік тілдегі әдебиеттер бөліміндегі «Өзін-өзі тану», «Жантану», «Педагогика», «Бала мен балабақша» атаулы журналдарында салауатты өмір салтын насихаттайтын ақпараттар, оқытушылар мен тәрбиешілерге әдіскерлік мақалалар ұсынылған. Денсаулық күтіміне, тұрмысқа жарататын заттарды қалай пайдалануға болатыны жайлы сондай-ақ ас мәзірлері, саяжай жұмыстарына қажетті ұсақ-түйектерге дейін жинақталған кітапхана қорындағы қызықты танымды «Пайдалы кеңестер» журналы да кітап көрмеге қойылды. Бұл журналда қазіргі елімізді алаңдатып отырған індетке байланысты тұмаудың жаңа түрінен сақтанудың ең дұрыс тәсілідері «салауатты өмір салтын ұстану, 7-8 сағат ұйықтау, көңіл-күйді реттеу, спортпен шұғылдану» осының бәрі тұмаудың алдын алады делінген.
Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.
Қанипа Тасболатова, Н. Островский атындағы қалалық
кітапханасының мемлекеттік тілдегі әдебиеттер бөлімінің кітапханашысы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77