«Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері әр адамның өз құқығын білгені абзал екенін айтады
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері МАИ шағын ауданының тұрғындары үшін «Заңдардың заңы» тақырыптық сөресін дайындады.
Шағын ауданның оқырмандары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, еліміз бен құқығының тарихы туралы кітаптарымен, адам құқығының жалпы ортақ декларациясымен жан-жақты танысты. Аталмыш кітапхананың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституциясыолардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздерінбекітетінін атап өтті.
-Ата Заңымызда бекітілген әр жеке тұлғаның өз құқығы бар. Менің ойымша оны бәріміз толық біле бермейміз. Сондықтан қоғамда жеке бастың құқығының бұзылуы жиі орын алып жатады. Осыған байланысты әр кім заңмен толық танысып шығуы керек. Заңды білетін адам әрдайым өзінің құқығын толық қорғап шыға алады.
Біздің бүгінгі ұйымдастырып отырған тақырыптық сөреміздің басты мақсаты да осында жатыр. Әрине, шағын бір кітапхана филиалы болғандықтан толық қала тұрғындарын қамти алмаймыз. Сонда да бір шағын ауданның тұрғындарына өз құқықтарын жақсы білу керек екендерін қолымыздан келгенше түсіндіруге тырыстық.
Заң ол үлкен құрметті талап ететін түсінік. Заң жоқ жерде небір жағымсыз жағдайлар орын алып жатады. Сондықтан құжатта көрсетілген заң талаптары ешқашан аяқ асты болмауы керек. Сонымен қатар кез-келген жан заң бойынша өзінің құқығын білген кезде қоғамда опық жемесі анық,-дейді шараны ұйымдастырушы кітапханашы Елена Шыбаева.
Әрине, заңның аты заң. Оның қылмысқа жол бермейтін тоқсан тоғыз бабы, тармағы бар. Заң болмаған жерде қандай адам шошырлық оқиғаның орын алатынын елестетудің өзі қорқынышты. Заң алдында жауап беру, заң бойынша жауапқа тартылу кез-келген жанның ойына келгенін істеп, өзінің үстемдігін танытудың алдын алады. Сондықтан тәртіпті сақтап отырған заңға берік болу баршаның міндеті.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77