Облыс бойынша мешіттерде тазалық жұмыстары басталып кетті
Қазіргі таңда барша адамзаттың үрейін тудырып, алаңдатып отырған коронавирус қатерінің алдын-алу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан тазалық шаралары жіті назарға алынды.
Осы орайда Қостанай облыстық мешіті тарапынан облыстағы барлық мешіттерге тапсырма беріліп, әр күні тазалық жұмыстары жүргізілуі тапсырылды.
Онда мешіттің ішкі тазалығы, барлық қолданыстағы заттар, есік тұтқалары, дәретхана ішінің тазалығына баса мән берілуде.
Сонымен қатар ҚМДБ үндеуі халыққа жарияланып, сақтық шараларын күшейтуге шақырылды.
Бұл іс-шара жайында облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай былай дейді:
-Қазіргі таңда әлем бойынша үлкен қатер тудырып тұрған дерттің алдын алу шаралары жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Бұл науқаннан мешіт қызметкерлері де тыс қалмауы керек. Сондықтан біз мешіттің іші сыртын әсіресе, халықтың көп ұстайтын есіктің тұтқаларын күнделікті тазалап отыруды жөн көріп отырмыз. Бұл науқан өңіріміздің барлық мешіттеріне жүріп жатыр. Осылайша біз коронавирус дертінен сақтана аламыз.
Сақтансаң сақтаймын демекші, әрдайым сақтықта қорлық жоқ екенін ұмытпағанымыз абзал.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77