14 тамыз күні «КТЭК» ШЖҚ МКК қызметкерлері үшін «Отбасылық міндеттерді бөлу: баланс, энергия және саналы көзқарас» тақырыбында семинар-тренинг өтті
Шараның басты мақсаты қатысушылардың отбасындағы міндеттерді әділ әрі тиімді бөлу мәселесіне саналы түрде қарауын қалыптастыру, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу жолдарын үйрету болды.
Семинарды ұйымдастырушылар отбасы ішіндегі міндеттердің тең бөлінуі тек үй шаруасын реттеу ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас мәдениетін нығайту мен өзара сыйластықты арттырудың маңызды факторы екенін атап өтті.

Тренинг барысында қатысушылар ерекше тәжірибе жинақтады. Алдымен олар көру немесе қол-аяқ қозғалысын шектеу арқылы орындалатын арнайы жаттығуларға қатысып, әр адамның мүмкіндігі мен қабылдау ерекшелігін сезінуге мүмкіндік алды. Бұл тапсырма адамдардың бір-бірін түсіну және қолдау қажеттілігін айқын көрсетті.
Одан кейін қатысушылар үй шаруасын орындаудағы жеке қалауларын анықтап, арнайы кесте толтырды. Әркім өз міндеттерін үш санатқа бөлді: сүйікті істер, міндетті жұмыстар және басқаға қойылатын тапсырмалар. Сонымен бірге тұрмыстық жанжалдардың мысалдары талқыланды.
– Бұл тренинг қызметкерлерге өз отбасылық жүйелерін қайта бағалауға көмектесті. Міндеттерді бөлу тек тұрмыстық мәселе емес, ол эмоционалдық климатқа, өзара түсіністікке және қолдауға тікелей әсер етеді. Адамдар өз қабілеттері мен қалауларын ескеріп, бір-бірінің еңбегін бағалаған кезде жанжалдар азаяды, сенім артады, – дейді психолог Дарья Шарафилова.
Семинар-тренинг тек пайдалы ақпарат беріп қана қоймай, қатысушылардың белсенді қатысуымен есте қалды. Теория мен тәжірибе үйлесім тапқан бұл шара қызметкерлерге отбасылық өмірде тепе-теңдік орнатудың жаңа әдістерін ұсынды. Қатысушылар алған білімдері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға дайын екендерін жеткізді.
Материал Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Жанашыр бол» ҚҚ жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында қазақ отбасының жағымды имиджін насихаттау» жобасы аясында дайындалды.
Аяжан СЕРІК,
суретті ұсынған автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77
