События

Л. Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасы ішінен ашылған «Парасат жолы» орталығында қоғам өкілдері бас қосты

Жиынға өңірге белгілі қаламгерлер, қоғам өкілдері қатысып ойларын ортаға салды

Биылғы жылдың ақпан айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен «Парасат жолы» орталықтары әр өңірде ашыла бастады.

Орталықтың негізгі мақсаты – адам бойындағы адалдық, парасаттылық түсініктерін қалыптастыруға, ұлттық мәдениетіміз бен рухани құндылықтардың игерілуіне септігін тигізу.

Аталмыш шараға Өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысы, облыстың зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, мәдениет ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Жазушы Сәдібек Түгел халық арасындағы «жемқорлықпен күресу мүмкін емес» деген пікірді жою қажет деп есептейді. Сол себепті, бұл жолда нақты батыл қадамдар жасалып жатқандығын айтады.

– Қазақта «ауызы дуалы, сөзі уәлі» нақыл бар. Көш бастайтын даналар мен кемеңгерлер, тарихты тұлғалар жасайды, додада топты тұлпарлар жарады, отанды батырлар мен жау жүрек жауынгерлер қорғайды. Міне, алдыңғы шепте зиялы қауым өкілдері. Жексұрын жемқорлықпен күресте зиялы қауымның рөлі орасан. Олардың бірінші кезектегі ісі, халықпен кездесу ұйымдастыру керек. Жаман індеттен құтылатын күн туады, сол сәтте бұқара халықпен жүзбе жүз жолығу керек. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. Ең бірінші ділді өзгертуіміз керек. Біз ұлттық идеология, ұлттық тәлім-тәрбие деп айтамыз, соның ең шынар басында діл тұр. Діл – біздің болмысымыз, пиғылымыз бен пейіліміз, сана сезіміміз. Сатқын жемқорлардың басында ақша, жеу, тонаудан басқа түк жоқ. Сол кеселден жастарды сақтауымыз керек. Ділді өзгертуіміз керек деп отырғаным осы. Халықтың арасында жансақ пікір қалыптасқан, «жемқорлықпен күресу мүмкін емес» деген. Олай емес, жемқорлық жойылады, оны жоямыз. Сол бағытта бізде кешенді жұмыстар атқарылуда, – деп қадап айтты белгілі жазушы Сәдібек Түгел.

Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева Қостанай облысында жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау жұмысы бәсең екенін айтады.

– Бұл өңірге кеглендегі негізгі мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытындағы атқарылып жатырған жұмыстармен танысу. Облыс әкімі және аудан әкімдері жанынан құрылған жемқорлыққа қарсы комиссия бар. Айта кету керек, комиссия жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін ұдайы талдау жүргізуі керек болатын. Алайда, бұл өңірде сапалы талдауды көре алмадық. Өйткені, 64 мемлекеттік орган мекемелері қамтылған, бірақ бірде-бір тәуекелдері табылмауы деген формалды түрде өткізгендігін байқатып отыр. Бұл сын-ескертпелердің барлығын облыс әкіміне айттық, – дейді Жазира Жылқышиева.

Өңірге белгілі ақын, жазушы Ақылбек Шаяхмет егемендік алған жылдары жемқорлық өте асқынып кеткендігін айтады.

– Біз қазір пандемиядан қорқып бәріміз бетімізге бет-перде тағып отырмыз. Ауру да өтер-кетер, шынында ең қорқатын нәрсе жемқорлық деген вирус. Медицинада аурудың алдын алу деген термин бар, сол тұрғыдан қарайтын болсақ, «Парасат жолы», «Адалық алаңы» деп жатқанымыз сол аурудың алдын алу шаралары деп түсінемін. Жалпы, жер байлығы қазақ халқының игілігіне жұмсалып жатырған жоқ. Оның қызығын санаулы ғана шектен келген, ұлты басқа байлар көруде. Олар бармақ басты, көз қысты байланысып отыған шенеуліктер бар. Ең бірінші қатаң жаса соларға қолданылуы керек, – деді Ақылбек Қожаұлы.

Жиын соңында, жемқорлық қоғамды жайлап алған дерт, індет. Ал ол індеттің дауасын табуға әр адам атсалысуы керек деген тұжырымдаса жасалды.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77