Біздің Қостанай

Латын әліпбиі – елімізді жаңа белестерге көтереді

Жаңа әліпби мен емле ережелерін үйрену қиынға соқпайды

Қазақ тілі әліпбиін 20 ғасырдың 20-30 жылдары латында болғаны тарихымыздан мәлім. Бірақ саяси жағдайларға байланысты кирил графикасына ауыстырылғаның да білеміз. Тәуелсіздік алғаннан кейін әліпбиді латын графикасына көшіру мәселесін алғаш рет Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар көтерді. Бірақ саяси, әлеуметтік жағдайларға байланысты бұл мәселе кейінге қалдырылды.

2017 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ма¬қа¬ласында бұл мәселеге тарихи тұрғыдан баға беріліп нақты шешім қабылданды. Содан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2018 жылы «Акут» негізді әліпби бекітілді.

2019 жыл¬дың қазанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық тарапынан акут әліпбиге қатыс¬ты жұртшылық сынын ескеріп, ға¬лымдарға әліпбиді қайта жетілдіру туралы тапсырма бергені баршамызға мәлім.

Өткен бір жылдың ішінде ауқымды жұмыстар жүргізілді. Негізгі жұмыс Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына жүктелді. Қазақстандықтар өз тарапынан 40-қа жуық латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің нұсқаларын ұсынды. Сол нұсқалар еліміздің беделді тіл¬та-нушылары мен филологтерінен тұратын Орфографиялық жұмыс тобында талай талқыдан өткізілді.

Осы уақытта екі рет республикалық ашық талқылау өткізілді. Бұл жұмыс барлық өңірлерде өткізліп, жергілікті жерлердегі тіл мамандары өз пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының 2020 жылдың 17 ақпанында, 5 наурызда облыстың қазақ тілі мұғалімдері, тіл мамандары, филолог ғалымдары Республикалық орфографиялық топқа ұсынылған әліпби жобаларының ашық талқылауына қатысты. Барлығы 410 адам қатысты. Соның ішінде филолог-ғалымдар А.Әбсадықов, Қ.Нұрмұхаметова, К.Есіркепова басқа да тіл саласының мамандары. Осы кезде біздің облыстың тіл мамандары умлаут, бревис, седіл, макрон диакритикалық таңбаларды қолданған әліпбидің жобасын қолдады.

2020 жылдың 28-29 қазанда жетілдірілген жаңа әліпбиді апробациядан өткізу мақсатында облыстың қазақ тілі мұғалімдері мен бастауыш сынып оқытушылары,орталықтарым мен жоғары оқу орындарының филологтары арасында сынама сабақтары өткізілді. Сынамаға 500 адам қатысты. Сынама нәтиженсінде жазба коммуни¬кация жеңілдететілгені айтылды. Диа¬кри¬тикамен берілген әріптердің бар¬лығының жалпы жиілігі өте төмен, яғни олар көп болмайды.Сонымен қатар, осы әріптер қолжазуға ыңғайлы, көз¬шалымға қолайлы деген пікірлер айтылды.

9 қараша күні Мәдениет және спорт министрі мен Білім жәене ғылым министрі Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жаңа әліпбидің жетілдірілген жобасын таныстырды. Содан кейін әліпбиді тағы ғалымдармен пысықталды. 2021 жылдың 28 қаңтарында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысында жауапты министрліктер Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді. Сондай-ақ, жетілдірілген әліпбидің жобасы, емле ережелерінің жобасы мен қазақ тілі әріптерінің пернетақтада орналасу тәртібі ұсынылып Ұлттық комиссиямен мақұлданды. Ендігі кезекте бекіту үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентіне ұсынылады.

Жобаның теориялық негіздерін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жүргізді, ал Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орта¬лығы емле жобасын мәдени жұрт¬¬шылық арасында түрлі сынамадан, сараптамадан өткізді.

Жетілдірілген жаңа әліпби жобасында 31 таңба бар. Ұлттық дыбыстарды белгілеу үшін, туысқан түрік тілдері мен бір қатар европалық тілдердің тәжірибесіне сүйене отырып, жетілдірілген әліпби нұсқасында қазақ тілі фонемаларын мағынасын бере алатын диакри¬тикамен 6 әріп берілген: (умлаут (ә – ä, ө – ö, ү – ü), бревис (ғ – ğ), макрон – (ұ – ū), седіл (ш – ş). Умлаут жіңішке дыбыстарды білдіреді, бревис – ол қысқа дауыссыз дыбыстарға қойылады, макрон – жуан дауыстыларға қойылады, седіл – ол тіл алды ызың дауыссыздарға қойылады. Дыбыстардың әртүрлі қасиетіне жеке диакритика алынғаны, ол халықаралық тәжірибе ескеру арқылы оқылымды жеңілдетеді, тілдің дыбыс қоры¬ның әліпбиі жүйесіндегі көрінісін бедерлейді.

Алдағы әліпбиде «Ш» дыбысының таңбасы «SH»-тің тіркесі арқылы диграфпен берілгенін, бұл жазуда біраз қиындықтар тудырды. Енді седиль диакритикасы арқылы «Ş» таңбасымен беру біршама жеңілдік әкеледі. Сондай-ақ, «Акут» жобасында барлық дауысты, дауыссыз дыбыстарды, мағынасына қарамай, бір ғана «акут» диакритикасымен белгіленіп тасталды.

Әліпби қазақ тілінің 28 дыбысын толық қамтиды және шеттілдік сөздегі дыбыс таңбаларына Vv (в), Ff (ф), Hһ (х) әріптері алынды.

Кез келген заң болсын, ереже болсын ұлттың болмысына сай болғаны абзал. «Ф» әрпі бізге ХІХ ғасырда арабтан кірген сөздерді жазған кезде қолданылған еді. Яғни бұл ерте кездегі кірме әріптер. Сондықтан бұл әріптің кіруінің дәстүрлі әрі тарихи сипаты бар. Бұл әріптерді жазғанда тілімізге зияны тимейтін болғандықтан, жаңа әліпбиде қалдырылып отыр.

Ұсынылған жетілдірілген әліпбидің басқа түрік тілді халықтардың әліпбилеріне ұқсас болғанымен, ол қазақтың әліпбиі болып қалады. Тіл мамандары латын әліпбиіне негізделген Халықаралық фонетикалық әліпби деп аталатын таңбалар жүйесі бар екенің біледі. Ол қорға 160-қа жуық таңба кіреді 107 әріп, 52 диакритикалық таңба. Әр ел осы қордан өз әліпбилері үшін дыбыстарды белгілейтін таңбаларды алады. Ол уникодқа да, ІТ-технологияға да кіреді, әлемге танымалдығы артады.

Жаңадан әзірленген емле ережелерінде күнделікті қолданылатын сөз¬-дердің, сол сияқты атаулар мен терминдердің ұлттық си¬пат¬тағы үлгісі ұсынылады. Бұл үлгілер мыңдаған сөздердің сауатты жазылуына негіз болып, санада орнығады. Ықшам, оңтайлы жаңа ұлттық жазудың негізі қаланады деп ойлаймыз. Жаңа әліпби мен емле қоғамымыздың жазу мәдениетін арттыру арқылы мемлекеттік тілдің қолданысын жеңілдетеді.

Емле ережелері 9 тараудан тұрады: Әріптер емлесі; түбір мен қосымшаның; бірге, бөлек, дефис¬пен жазылатын сөздердің емлесі; бас әріп пен қысқарған сөздердің емлесі; кір¬ме сөздердің және тасымал емлесін қамтиды.

Алдағы уақытта жаңа әліпби мен жаңа емлені бекітілгеннен соң жұмысымыздың жанданатыны сөзсіз. Ол үшін біздің барлық мүмкіндіктеріміз бар. Тілдерді оқыту орталықтары үнемі арнайы семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіп тұрады. 2020 жылдың өзінде облыс бойынша мыңнан астам оқыту әдістемелік іс шаралар өткізіліп 26 мыңнан астам адам қамтылды. Тіл мамандары әліпбиді жетілдіру жұмыстарына қатысып, үнемі, жаңалықтармен бөлісіп тұрды.

2021 жылы тіл мамандары мен мектеп мұғалімдерін жаңа әліпбимен және емле ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілетін болады. Ол үшін Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» Ұлттық ғылыми практикалық орталығы мен А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты өңірлерді арнайы бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдары әзірленіп өңірлерге жеткізілетін болады. Қостанай облысындағы тілдерді оқыту орталықтарында тиісті тәжірибесі бар мамандары жұмыс істейді. Материалдық-техникалық базасы да заманға сай жабдықталған.

Біз латын графикалы әріптердің кеңістігінде өмір сүріп келеміз. Мектепте шет тілдерін үйренеміз – олар негізінен латын әліпбиінде. математикадағы формулалар, физикадағы халықаралық Си өлшем бірлігі, химиядағы элементтердің периодтық жүйесі және басқаларды да латын графикасында. Әлемдік брендтер – латын графикасында. Олардың дыбысталуы да жетілдірілген әліпбиде ескерілген. Сондықтан жаңа әліпби мен емле ережелерін үйрену қиынға соқпайды деп ойлаймын.

Қорыта айтсам, Тілді реформалау әліпбиді ауыстырып, жаңа ережелерді әзірлеу ғана емес, негізінен Қазақ тілін реформалау арқылы қазақтың санасын жаңғыртуға, бодандық санадан арылуына бағытталған қадам болып келеді.

К.Бимағанбетов,
Тілдерді дамыту басқармасының
бөлім басшысы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77