Новости Образование

Латын әліпбиін үйретеді

«Тілдарын» орталығында арнайы сабақтар жүргізілмек

Бүгін «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы жоғары оқу орнының филология ғалымдарының қатысуымен латын графикасына негізделген жаңа әліпбиді енгізу жұмыстарын жүргізуге байланысты «Жаңа әліпби нагізіндегі қазақ тілі емле-ережелерін үйрету сабақтары» тақырыбында әзірленген қысқа мерзімді курстың бағдарламасын таныстыру және оны талдауға арналған әдістемелік отырыс өткізді.

Аталмыш орталық қазіргі таңда үш бағыт бойынша жұмыс істеп келеді. Біріншісі мемлекеттік тілді үйрету. Бүгінде қазақ тілін меңгеру мақсатында 705 адам арнайы сабақ алып жүр. Екінші бағыт бойынша ағылшын тілін үйренемін дегендерге де арнайы сабақтар өткізілуде. Шет тілін үйренуге 155 қала тұрғындары тілек білдіріп, белгілі уақытта келіп сабақ алады.

Үшінші бағыт өзге ұлт өкілдеріне арналған. Онда олар ана тілдерін үйрене алады. Мұнда арнайы мамандар 8 ұлттың тілін үйретеді.

Олардың ішінде поляк, кәріс, татар және басқа да ұлттырдың тілдерін үйреніп жүрген 125 тыңдаушы бар.

Аталмыш басқосуға Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының кандидаты Гүлжанат Жүрсіналина, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің филология ғылымдарының кандидаты Қарлығаш Нұрмұхамбетова және басқа да тіл мамандары қатысты.

Олар латын әліпбиін жұртшылыққа оқытуға арналған қысқа мерзімді курстық бағдарламаны талқылай келе қолданысқа енгізуге толық болатынын айтып, бекітті.

Сонымен қатар «Тілдарын» орталығының әдіскерлері мен оқытушылары бірлесіп, латын тілінде жазу дәптерін де құрастырып шығарды. Бұл көпшіліктің латын тілінде жазуды тез үйренуіне көмектесетін құрал болып отыр.

Осылайша алдағы уақытта әр жұма сайын сағат 11:00-да латын тілін оқып-үйренемін деушілерге «Тілдарын» орталығының есігі ашық.

Осынау орталықтың басшысы Жұлдызай Ербатырованың айтуына қарағанда, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын аса құнды мақаласының аясында жергілікті халыққа латын әліпбиін үйрету басты назарға алынып отыр. Бүгінде әліпбиді толық меңгерсем деушілердің қатары күннен-күнге көбейіп келеді екен.

Сондай-ақ осы басқосуда бекітілген қысқа мерзімдегі оқыту бағдарламасының аяысында шаһарымыздағы ересектерге арналған арнайы сабақтар жүргізіледі.

Сондықтан жерлестерімізге туғызылып отырған мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, латын тілін емін-еркін игеріп алуларына барлық жағдай жасалған.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77