Кітапханада ұйымдастырылған шарада колледж студенттері Елбасы жайында тың мәліметтермен танысты
Тұңғыш Президент күніне орай, Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханасының әмбебап оқу залында Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттеріне арналған «Әлем мойындаған Көшбасшы» деп аталған портрет-кеш ұйымдастырылды.
Бұл кешке қонақ ретінде ҚР-ның Құрметті журналисі, саясаткер, профессор Сергей Харченко мен «Қостанай таңы» облыстық газетінің редакторы еліміздің Құрметті журналисі Жанұзақ Аязбеков қатысты.
Шара барысында, арнайы шақырылған қонақтар жиналған студенттерге өздерінің Елбасымен кездескен сәттері жайында естеліктерімен, сол жүздесуден алған әсерлерімен бөлісті.
Сонымен қатар кешке қатысқан студенттер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бір күні жайында түсірілген деректі фильмді тамашалады. Сондай-ақ деректі фильм барысында бір елді басқару оңай жұмыс екенін түсінді.
Кештің көркін қаламыздағы «Мирас» мәдениет үйінің өнерпаздары барыншы қыздыра түсті. Олар домбырада ойнап, әуелете ән шырқады.
-Елбасының Тәуелсіз еліміздің кеңінен қанат жаюы жолында атқарған еңбегі орасан деп білемін. Оның бойындағы әр жағдайдың байына барып шешім қабылдайтын екінің бірінде жоқ асыл қасиеттері жастарға үлкен өнеге. Кеш қонақтары да өздерінің Елбасы жайында естеліктерімен бөлісі келе, ол кісінің болмысын суреттеп берді. Міне, бір елдің Көшбасшысына айналған азаматтан үлгі алса деген үміттемін, – дейді кітапхананың әмбебап оқу залының меңгерушісі Светлана Цветкова.
Осыдан кейін кеш қатысушылары «Әлем мойындаған Көшбасшы» деп аталған кітап көрмесін тамашалады. Мұнда олар Елбасы жайында жарық көрген құнды еңбектермен кеңінен танысты.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77