Қарты бар үйдің қазынасы бар дейді дана халық
Қостанай қалалық Н.Островский атындағы кітапханада «Ақ жол» партиясының Қостанай облыстық филиалы мен аталмыш кітапхана бірілесіп қаттарға құрмет көрсетті.
Қарт кісілерге құрмет көрсетуге арналған жиынға облыстық филиалдың аппарат жетекшісі Мешіт Ғазизұлы қатысып қаттарды құттықтады.
Қарт кісілерге құрмет көрсетуге арналған жиынға облыстық филиалдың аппарат жетекшісі Мешіт Ғазизұлы қатысып қаттарды құттықтады.
– Жалпы аға буын өкілдеріне құрмет көрсету әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Бүгінгі ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз ел үшін аянбай еңбек еткен жандар. Сол үшін біз қарыздармыз. Ендігі ғұмырларында бейнеттерінің зейнетін көріп жүре берсін, – деді Мешіт Ғазизұлы.
Аталмыш шара барысында еліміз егемендік алған жылдары түрілі салада қызмет еткен қарттар жиналып естеліктерімен бөлісті. Жиын соңы мерекелік концерт пен ақ ниетпен жайылған дастарханға ұласты.
Өз тілшіміз
Суреттерді түсірген Бағдад АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77