Культура Новости

Ұлт музыкасын өзіндік өрнегімен байытқан композитор

Қостанайда Ермұрат Үсеновтің шығармашылық кешіні өтті

Қостанайда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, биік парасат иесі Ермұрат Үсеновтің «Ұлы дала сарыны» атты шығармашылық кеші өтті.
Ермұрат Үсенов – күллі қазақ еліне ортақ тұлға. Ұлт музыкасын өзіндік өрнегімен байытқан композитор. Ол, Қостанай өңірімен тығыз байланыста жұмыс істеп, ұжым репертуарын тың дүниелермен толықтырды.

Шығармашылық кешке арнайы шақырылған әнші, ҚР мәдениет қайраткері Ғазиза Жұмекенова, кеш иесінің шығармаларын шалқыта шырқады.

– Тобыл-Торғай төрінде қазақтың белгілі компазиторы Ермұрат Үсеновтың кеші өтуде. Ермұрат, Нұрғиса Тілендиев, Ахмет Жұбановтардан кейінгі ұлттық музыкамыздың туын биік көтеріп жүрген дарынды өнер иесі. Бұл кештің тәрбиелік мәні зор деп айтар едім. Өйткені, тарихи-тақырыптық оқиғаларға байланысты жазылған шығармалары мол, – деді белгілі әнші ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ғазиза Жұмекенова.

Кеш иесі 1952 жылы Алматы облысы, қазіргі Кеген ауданында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның 1977 жылы домбыра сыныбын, 1983 жылы музыка теориясы мамандығы бойынша тәмамдап шыққан. Еңбек жолын Жезқазған музыкалық колледжінде ұстаздық етуден бастаған Ермұрат Үсенов 1979 жылы композитор Нұрғисса Тілендиев жаңадан құрылған «Отырар сазы» оркестріне домбыра тобының концертмейсері ретінде арнайы жұмысқа шақырылды. Осы ұжымда ағамыз республикамыздың, Одақ және шетел сахнасында аянбай еңбек етті, жеке соист ретінде көпке танымал болды.

– Қасиетті Қостанай өңіріне табан тіреудіміз. Тобыл-Торғай өңірімен араласып, шығармашылық байланыста жүргеніме 30-40 жыл уақыт болды. Сонау, Торғай облысы кезінен бастап байналыстамыз. Бұл өлкеде менің достарымда көп. Бақытжан Сәуекенов, Қалибек Деріпсалдин, Серікбай Оспанов, Ғазиза Жұмакенова, Серік Тұрғынбеков сынды ақын, әнші, копозиторлармен жұмыс жасап келемін. Облыстың мәдениет басқармасы өздері ұсыныс жасап, кешімді ұйымдастырып берді. Алғысым зор. Келгендеріңізге рахмет, – деді кеш иесі Ермұрат Үсенов.

Композитордың бұған дейін Алматы, Атырау, Көкшетау, Елорда да шығармашылық кештері өткен болатын. Енді бұл тізімді Қостанай да толықтырып отыр. Рухани шараға мұрындық болған Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов лебізін білдірді.

– Кешке жиылған қауым, өнер мерекесіне куә болғандарыңызға алғысымды айтамын. Бүгінгі кештен рухани азық алуға болады. Ермұрат ағамыз Қазақстанның түкпір-түкпірінде шығармашылық кеш беріп, барған жерін жырға бөлеп жүр. Еліміздің Ұлт аспаптар оркестрлерінің репертуарларын тамаша туындыларымен толықтырып жүр. Қостанай-Торғай өңірінде ұлт аспаптар оркестлерін, ансамбльдерін қалыптастыруға, дамытуға қосқан Ермұрат Үсеновтың үлесі зор, еңбегін сіңірді, – деді Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77