Культура

Ұлт ұстазы Ы.Алтынсариннің құнды дүниелерімен танысты

Орал қаласының «OtbasuTrаvel» жобасы аясында төрт отбасы жерімізге атбасын тіреді

Еліміздің киелі нысандары мен көрікті жерлеріне саяхат жасауды мақсат еткен Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының «OtbasuTrаvel» жобасы аясында төрт жанұя жеңіл көлікпен Тобыл-Торғай жеріне ат басын тіреді. Қонақтар өңіріміздің өздері білетін және танысқысы келетін киелі жерлерін аралап, ұлт ұстазы Ы.Алтынсариннің кесенесіне барып, тағзым етті.

Сондай-ақ Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейіне де арнайы бассұғып, ұстаздың құнды дүниелерімен танысты.

– Орал шаһарынан келген отбасыларға Ыбырай Алтынсарин атамыздың біріншіден халқын білімге жетелеген қарапайым ғана ұстаз болғанын түсіндірдім. Қазақ даласында алғаш мектеп ашып, жасжеткіншектерге өзінің білгенін үйретіп, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеуді армандағаны жайында айттым. Осылайша олар ұлт ұстазы жайында көптеген мағұлымат алды. Сондай-ақ ұстаздың алғаш ашқан мектебі мен қолданған заттарына ерекше қызығушылық танытты. Өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына да жауап алды, – дейді музейдің ғылыми қызметкері Шынар Досмағамбетова.

Қойнауы сырға толы Тобыл-Торғай мекені арнайы атбасын тіреген қонақтарға қайталанбас әсер қалдырды. Олар осынау киелі жерге келгендеріне қуанышты екендерін жеткізді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77