Отбасында ұлттық дәстүрлер мен заманауи білімнің үйлесімділігі көрініс тапқан
Облысының мәдени өміріне өз үлесін қосып, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген жандардың бірегейі Мұрат Нағашыбай деген сөзімізге халық куә.
Ал, Мұрат Жақсылықұлы мен жан жары Қымбат Абухарисқызы балаларының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отыра, тәлім-тәрбие беруіп отырған жандар. Біздің «Мерейлі отбасы» байқауының қатысушысы атанып отырған Мұрат пен Қымбат Нағашыбай өз отбасыларының бірлігі мен жетістіктерін паш етіп, қоғамға үлгі болуда.
Отағасы Мұрат Жақсылықұлы көп жылдық еңбегі мен шығармашылық қабілетінің арқасында мәдениет саласында талай жоғары дәрежелі жүлделердің иегері атанып келеді. Айтыс ақындары, жыршы-термешілердің Халықаралық одағының мүшесі ретінде де еңбегінің нәтижесін көрсетуге. «Әке көрген оқ жонар» дегендей отбасының үлкен балалары Ғанимат пен Инабатта кішкентайларынан аймақтық айтыс алаңдарында өнер көрсетіп келе жатқан жас өрендер. Ортаншы қыздары Аянат бастауыш сынып оқушысы. Бос уақытында тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысады.
Отанасы Қымбат Абухарисқызы ұзақ жылдар бойы баспасөз саласында қызмет етіп келе жатқан әріптесіміз.
– Ғаниматтың өнерге деген ынтасы ерекше, бастауыш сыныппен қоса музыка мектебінің домбыра сыныбында білім алды. Қазір спорт саласына да бет бұрып жүр. Инабат әріп танығалы әдебиетке қызығушылық танытып келеді, қазір шығармашылық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Әр баланың қызығушылығына аиа-ана ретінде әрдайым қолдау білдіріп отырамыз. Дегенмен, болашақта қай саланың мамандары болатыны уақыт еншісінде, – деді Мұрат мырза.
Мұрат Жақсылықұлы мен Қымбат Абухарисқызының отбасынада былтырғы жылы Махаббат есімді бөбектері дүниеге келіп, көпбалалы отбасы атанып, әулеттің бақытын еселей түскен болатын.
– Балалармен бірлесіп өткізетін бос уақытты тиімді пайдаланудың маңыздылығын ерекше атап өткен жөн, бұл кітап оқу, логикалық ойындар ойнау, табиғат аясына серуендеу. Әр балаға тұлға ретінде қарап, уақыт бөле білу біз үшін өте маңызды, – деді Қымбат ханым.
Нағашыбай отбасы бүгінгі қоғамның жарқын үлгісі. Олардың өмірі еңбек, өнер, білім және ұлттық құндылықтарға толы. Бұл отбасының әрбір мүшесі мемлекетіміздің жарқын болашағы жолында өз үлестерін қосып келеді деп айта аламыз.
Нағашыбай әулеті отбасының татулығы мен бірлігі – нағыз қазақы тәрбиенің көрінісі. Әрбір іс-әрекеттерінен ата-баба салтына деген құрмет пен ұрпақ сабақтастығын көруге болады. Балаларға тек білім беріп қана қоймай, оларды елін сүйетін, отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеуді мақсат тұтқан. Мұндай берекелі шаңырақтар ел ішінде рухани тұрақтылық пен ұлттық бірегейліктің негізін қалыптастырады.
Олардың өмір салты – қарапайымдылық пен жауапкершілікке негізделген. Әрбір мүше өз рөлін жақсы түсініп, бір-біріне тірек бола біледі. Бұл отбасында жылылық пен сенім, сыйластық пен қамқорлық басты орында. Нағашыбай әулеті өз еңбегімен, өнегелі өмірімен «Мерейлі отбасы» атағына әбден лайық. Тек өз балаларының ғана емес, бүкіл қоғамның санасына сәуле шашып жүрген жандар. Ұлттық өнерді дәріптеп, жас буынға жол көрсетіп жүрген Мұрат Жақсылықұлы мен оның отбасына қарап, нағыз зиялы отбасының қандай болатынын аңғаруға болады. Мұндай отбасы – мемлекетіміздің тірегі, ұлттың болашағына салынған мызғымас іргетас. Нағашыбай әулеті – тек үлгілі жанұя емес, нағыз мәдени ошақ, рухани байлықтың қайнар көзі.
Байқау «Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша “Жастар ортасында қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау” мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында өтуде, «Жаңашыр бол» ҚҚ іске асыруда.
Аяжан СЕРІК,
суретті ұсынған кейіпкер
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77